20.06.2017, 22:51 13796

Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерініӊ арасында қоян -қолтық күрестен ашық біріншілік өтті

Қазақстан полициясыныӊ құрылуына 25 жыл толуына орай Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерініӊ арасында қоян қолтық күрестен ашық біріншілік өтті.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - №5 облыстық олимпиадалық резервтіӊ мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебініӊ күрес залында Қазақстан полициясыныӊ құрылуына 25 жыл толуына орай Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерініӊ арасында қоян қолтық күрестен ашық біріншілік өтті.

"Динамо" денешынықтыру-спорт қоғамы облыстық филиалы басшысыныӊ бірінші орынбасары Қуандық Миралиевтіӊ айтуынша турнир Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерініӊ арасында спорттыӊ қызметтік-қолданбалы түрініӊ әрі қарай дамуын арттыру, қатысушылардыӊ кәсіби шеберліктерін мен спорттық біліктілігін көтеру және салауатты өмір салтын насихаттауға арналып отыр.

Жігіттіӊ білек күші ғана емес ақылы мен айласы, төзімі сынға түскен сайыстан 55-60 келі салмақ аралығында І орынды қатардағы полиция Абай Нұрғалиев иеленді. ІІ орын полиция лейтенанты Мадияр Айдарбековте, ал ІІІ орын жүлдесі полиция сержанты Нұрбек Қалиға бұйырды.

Ал 65-70 кг салмақ аралығында полиция сержанты Ертуған Қолқанатқа теӊ келер ешкім болмады. Бұл салмақта екінші орынды полиция сержанты Ардақ Ғасырбек алса, аға лейтенант Нұсұлтан Алматов үшінші жүлде алды.

75-80 келі салмақтағылар арасынан полиция сержанты Зелимхан Хасиханов топ жарды.

Екінші орын полиция сержанты Дархан Есдәулетовке бұйырса, оныӊ әріптесі Қасиет Талғатұлы үшінші орын тұғырына шықты.

85-90 кг салмақ аралығында полиция аға сержанты Ержан Сариев бірінші орын алса, полиция сержанты Марат Жетесовке екінші орын бұйырды. Бұл салмақтағы үштікті сержант Нұрболат Нағашыбев түйіндеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны