08.01.2026, 09:22 68996
Туризм және спорт министрлігі: балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді және оларды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілеуді көздейтін Заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортының материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттырады. Мәселен, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазіргі сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңгені құрайды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Туризм және спорт министрлігі сметалық қаржыландыру жүйесін қолданып отырған жалғыз мемлекеттік орган. Осыған байланысты саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне ауысады.
Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Аталған шығындар Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен қолдау тапты, ал қажетті қаражат жергілікті бюджеттер есебінен бөлінеді.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды еліміздегі барлық БЖСМ-де 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.03.2026, 12:54 1616
Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиадасының басталуына 4 күн қалды
Достарға айту
Италияның Милан - Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XIV қысқы Паралимпиаданың басталуына небәрі 4 күн қалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Биылғы дүбірлі додада Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі. Олар: Ербол Хамитов, Нұрлан Әлімов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев және Анна Грачева.
Құрама сапындағы ең жас спортшы - пара шаңғы жарысында өнер көрсететін Владислав Кобаль. Ол небәрі 17 жаста. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен мүшесі - пара шаңғы және пара биатлоннан бақ сынайтын Сергей Усольцев. Оның жасы 51-де.
Ұлттық құрамадағы тәжірибелі спортшылардың бірі - Александр Герлиц. Ол 2022 жылғы Бейжің Қысқы Паралимпиадасының пара биатлоннан қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2018 жылғы Пхёнчхан Паралимпиадасында пара шаңғы жарысынан үздік төрттіктің қатарына енген.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ербол Хамитов - пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан Әлем чемпионаттарының жүлдегері және бірнеше мәрте Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы. 2022-2023 жылғы маусымда ол пара шаңғы жарысынан әлем чемпионы атанып, Қазақстан тарихында осы жетістікке қол жеткізген алғашқы пара спортшы болды. Ал 2024-2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, 31 жылдан кейін Қазақстанға Хрусталь глобусты қайта әкелді.
Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада 6-16 наурыз аралығында Италияда өтеді. Байрақты додаға әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Биылғы ойындар ерекше маңызға ие - Қысқы Паралимпиада қозғалысының 50 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Алғашқы Қысқы Паралимпиада 1976 жылы Швецияның Эрншёльдсвик қаласында өткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.02.2026, 07:06 13536
Канадада жеңіске жеткен қазақстандық жас хоккейшілер елге оралды
Сурет: olympic.kz
Достарға айту
Канадада жеңіске жеткен Astana Team балалар хоккей командасы елге оралды, деп хабарлайды olympic.kz.
Канаданың Квебек қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы беделді Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінің финалында жеңіске жеткен қазақстандық жас спортшылар елге келді. Оларды әуежайда зор қошеметпен күтіп алды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, топтық кезеңдегі барлық матчта жеңіске жеткен Astana Team плей-оффқа сенімді түрде жолдама алды. Ширек финалда алаң иелері - Quebec Nordiques командасын 3:1 есебімен ұтып, жартылай финалда Quebec Remparts ұжымынан 2:1 есебімен басым түсті. Ал финалда Noir d’Or des Montagnes командасымен өткен тартысты кездесуде буллит сериясында 4:3 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл мәртебелі дода 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Турнир BB, AA, AA Elites және ең жоғары AAA дивизиондарына бөлінеді.
Astana Team екінші деңгейлі дивизионда топ жарып, келесі маусымда AAA санатына көтерілу мүмкіндігіне ие болды. Жоғары дивизионға өту туралы шешімді турнирдің ұйымдастыру комитеті қабылдайды. Команда бұл турнирге екінші жыл қатарынан қатысып отыр. Олар 2024 жылы Францияда өткен іріктеу додасында жеңіске жетіп, алғаш рет AA Elites дивизионына жолдама алған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2026, 09:53 26836
Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты
Сурет: Сали САБИРОВ, ҚР Туризм және спорт министрлігі
Достарға айту
Мәнерлеп сырғанаудан Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпия ойындарында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина өз мансабындағы рекордтық ұпайын жинап, 10-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мұз айдынына он үшінші болып шыққан Софья Самоделкина өз қойылымын мінсіз орындап, 138.99 ұпай еншіледі. Ал қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, отандасымыз 207.46 ұпаймен жеке мансабындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді.
Софья бұған дейінгі рекордтық ұпайын 2021 жылы (205.67 ұпай) алған еді.
Жүлдегерлер:
- 1-орын. Алиса Лю (АҚШ) - 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)
- 2-орын. Каори Сакамото (Жапония) - 224.90 ұпай
- 3-орын. Ами Накаи (Жапония) - 219.16 ұпай
10-орын. Софья Самоделкина - 207.46 ұпай
Айта кетейік, қысқы Олимпиаданың тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында тек 2018 жылы ғана Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен. Элизабет Тұрсынбаева сол Ойындарда 12-орынға тұрақтаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2026, 09:48 31416
Милан-Кортина 2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер сайысында финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Софья қысқа бағдарламасында 68.47 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ оның Олимпиададағы дебюті туған күнімен (19 жас) тұспа-тұс келді.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):
1.Ами Накаи (Жапония) - 78.71 ұпай
2.Каори Сакамото (Жапония) - 77.23 ұпай
3. Алиса Лю (АҚШ) - 76.59 ұпай
12-орын. Софья Самоделкина - 68.47 ұпай
Шешуші еркін бағдарлама 19 ақпан күні Астана уақытымен 23:00-де өтеді.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Қазақстан екінші мәрте ғана жүлдеге таласып жатыр. 2018 жылы Пхенчхан Олимпиадасында ел намысын Айза Мамбекова мен Элизабет Тұрсынбаева қорғаған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 18:26 38931
Олимпиада-2026: Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ширек финалға жолдама алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Италияның Милан қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындарының шорт-тректен бәсеке жалғасып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ерлер арасында 500 метрге додада Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ел намысын қорғады.
Екінші топта жарыс жолына шыққан Абзал соңғы айналымда қарсыластарының қателігін ұтымды пайдаланып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші 40.934 секунд.
Үшінші топта өнер көрсеткен Денис Никиша 40.818 секунд нәтижемен мәреге үшінші болып жетті. Алайда, Никиша уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге жолдама алды.
Осылайша, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша 19 күні өтетін ширек финалда өнер көрсететін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 15:19 39206
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде 6 медаль алды
Достарға айту
Колумбияның Медельин қаласында көркем жүзуден әлем кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінен.
Жалпы жүлде кестесі (20 мемлекет):
- Ұлыбритания - 3 алтын
- Қазақстан - 2 алтын, 1 күміс, 3 қола
- Канада - 2 алтын, 1 қола
Қазақстан сапынан еркін бағдарламада Эдуард Ким мен әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ясмина Исламова бастаған аруларымыз чемпион атанды.
Күміс жүлдені акробатикалық командамыз (Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Ямин Тұяқова, Ясмина Исламова) иеленді
Қола жүлдегерлердің тізіміне Виктор Друзин (техникалық соло), Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова (аралас техникалық дуэт), Наргиза Болатова мен Виктор Друзин (аралас еркін дуэт) кірді.
Әлем Кубогының екінші кезеңі 27-29 наурыз күндері Парижде (Франция) өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.02.2026, 09:47 43011
Қазақстан Әнұраны араға 32 жыл салып қысқы Олимпиада төрінде тағы шырқалды
Сурет: olympic.kz
Достарға айту
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды.
Турнирдің қорытындысы (24 қатысушы):
- 1-орын. Михаил Шайдоров - 291.58 ұпай
- 2-орын. Юма Кагияма (Жапония) - 280.06 ұпай
- 3-орын. Шун Сато (Жапония) - 274.90 ұпай
Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиадада бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған еді.
Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоровты тарихи жетістігімен құттықтады:
Михаил Шайдоровты Олимпиаданың чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - талай жылғы тынымсыз еңбек пен табандылықтың, алға қойған мақсатқа деген сенімнің жемісі. Бүгін Михаил елге зор қуаныш сыйлап, отандық мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл жетістік жас спортшыларға шабыт беріп, елімізде қысқы спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2026, 10:04 55201
Миланда XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті
Сурет: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Достарға айту
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ресми түрде XXV қысқы Олимпия ойындары басталды. Төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанаты Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өтті. Мемлекеттер шеруінде Қазақстанның көк байрағын Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әміренова (фристайл-могул) ұстап шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Биылғы Олимпиаданың басты ерекшеліктерінің бірі - ашылу рәсімінің бір мезетте төрт жерде өтуі. Денис Никиша Милан қаласындағы салтанатқа қатысса, Аяулым Әміренова шаңғы жарыстарын қабылдайтын Ливиньо коммунасындағы рәсімде болды. Сондай-ақ Олимпиада алауы алғаш рет екі жерде тұтанды: бірі Миландағы Салтанат қақпасында, екіншісі Кортина-д’Ампеццодағы Piazza Dibona алаңында. Ашылу рәсімі Armonia ("Үйлесім") деп аталды.
Айта кетейік, Милан-Кортина Олимпиадасы 6-22 ақпан күндері өтеді. Италиядағы төртжылдықтың басты додасына әлемнің 93 мемлекетінен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 8 спорт түрі (16 дисциплина) бойынша 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) 10 дисциплинада жүлдеге таласады.
Ұлттық құрама спортшылары қатысатын барлық жарысты Qazaqstan, Qazsport, "Хабар" және Jibek Joly телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.03.2026, 10:54Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады 04.03.2026, 02:33 109806Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады03.03.2026, 23:27 97531Скопьеде Қазақстанның саяси реформалары таныстырылды04.03.2026, 14:31 77956Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды04.03.2026, 15:34 77711Астанада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен референдумды байқау мәселелері бойынша кездесу өтті
26.02.2026, 22:48 228781Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 17:47 228466Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 23:25 228456Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 18:49 228456Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:04 228441Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады

