Система Orphus

Ашхабадта Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

21.12.2021, 18:58 74166
АШХАБАД. 21 ЖЕЛТОҚСАН - Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың және Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ч. Гылыджовтың тең төрағалығымен экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Комиссия отырысы барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, көлік және коммуникациялар, қаржы және инвестиция, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды талқылады. Қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, мәдениет және туризм, денсаулық сақтау, білім және ғылым, сондай-ақ газ және әлеуметтік және еңбек салалары қарастырылды. 
 
Түрікменстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. 
 
Биылғы жылдың 11 айының қорытындысы өзара сауданың қарқынды өскенін айғақтайды.
 
Кездесу қорытындысы бойынша Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясының 11-отырысының хаттамасына қол қойылды.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше ҚР Премьер-Пинистрі Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен, сондай-ақ Ресейдің мемлекеттік компаниялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен келіссөздер жүргізді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны