16.06.2022, 15:29 42811

Сенаторлар МИБ-ке көшу мерзімін тағы бір жылға ұзартуды ұсынады

Нақты айтқанда сенаторлар көппәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум нысанын басқарудың жаңа тәсіліне көшіру мерзімін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартуды ұсынды.
Сенаторлар МИБ-ке көшу мерзімін тағы бір жылға ұзартуды ұсынады
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Қазақстандық сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Нақты айтқанда сенаторлар көппәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум нысанын басқарудың жаңа тәсіліне көшіру мерзімін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартуды ұсынды. 
 
МИБ (меншік иелерінің қауымдастығы) және ЖС (жай серіктестік) жүйесіне көшу ағымдағы жылдың бірінші маусымында өтуі керек еді.
 
Құжаттың мақсаты энергия тиімділігі саласындағы заңнаманы жетілдіру және электр станцияларына газ қондырғыларын орнату жөнінде инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны