28.06.2022, 16:57 26851

Қорғаныс министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізеді

Қорғаныс министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізеді
Сурет: ҚР ҚМ
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тізілімдегі өзгерістер тамақтану, сумен жабдықтау, санитариялық қорғау аймақтарын, санитариялық күзет аймақтарын зиянды заттардың шекті жол берілетін шығарындылары мен төгінділерін айқындауға қатысты объектілер мен жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін нақтылайды", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Бұйрық жобасының толық мәтінімен интернет-порталдағы ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде 13 шілдеге дейін келесі сілтеме бойынша танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны