08.08.2022, 16:02 6771

ҚР-да міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің бірыңғай тізбесін белгілеу жоспарлануда

Ұлттық техникалық регламенттердің болмауына байланысты көптеген позициялар реттелмеген күйінде қалып отыр.
ҚР-да міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің бірыңғай тізбесін белгілеу жоспарлануда
НҰР-СҰЛТАН. 8 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы тұжырымдамасының жобасы әзірленді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Құжаттың мәтініне сәйкес, Қазақстан Республикасында 2005 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен осындай тізбе бекітілді, ол заңдарда тікелей құзыреттің болмауына байланысты күшін жойды.
 

Ұлттық техникалық регламенттердің болмауына байланысты көптеген позициялар реттелмеген күйінде қалып отыр", - деп атап өтті әзірлеушілер.

 
Бұдан басқа, ЕАЭО техникалық регламенттеріне оларды реттеуді ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер дербес жүзеге асыруға құқылы тауарлардың жекелеген санаттарына таратпау бөлігінде алып қоюлар енгізілген.
 

Осыған байланысты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға оны бекіту бойынша құзырет бере отырып, Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттауға жататын өнімнің бірыңғай тізбесін белгілеу ұсынылады", - делінген құжатта.

 
Бұдан басқа, уәкілетті органның осындай тізбені бекіту құқығына құзыреті КО №620 шешімін және қауіпсіздік тәуекелі жоғары өнімнің ерекше маңызды түрлері туралы талдамалық деректерді ескере отырып, міндетті Ұлттық сертификаттауға жататын өнімге қойылатын өлшемшарттарды айқындайтын болады.
 
Бірыңғай тізбені енгізу мыналарға ықпал етеді:
 
1) халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
 
2) адал бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, осындай тізбені құру сәйкестікті растау нысандарын (мысалы, 3Д, 4Д нысаны бойынша декларациялау) және тауарлар сәйкес келуі тиіс стандарттау жөніндегі құжаттарды (қазіргі уақытта ұлттық стандарттарда жоқ) айқындауға мүмкіндік береді.
 
Осылайша, уәкілетті органға ұсынылған құзыреттерді беру нарықты ЕАЭО-ның техникалық регламенттері күшіне енбеген қауіпті өнімнен қорғауға және ұлттық деңгейде азаматтарды қауіпті өнімнен қорғау жөнінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
 
ЕАЭО техникалық регламенттерінің жобалары және олармен байланысты құжаттар (оларды енгізу жөніндегі өтпелі ережелер туралы актілер, стандарттар тізбесі, стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламалар, кедендік ресімдеу мақсаттары үшін өнімдер тізбесі және т.б.) бойынша қазақстандық тараптың ұстанымын қалыптастыру үшін талдамалық материалдарды сапалы жан-жақты дайындау да маңызды мәселе болып табылады.
 

Техникалық регламенттерді әзірлеу – бұл ғылыми зерттеулер мен тәуекелдерді бағалау туралы мәліметтер негізінде бүкіл мамандар ұжымының маңызды жауапкершілігі. Техникалық регламенттер жобаларының техникалық талаптары мен нормаларын талқылауға жұртшылық пен бизнестің кеңінен тартылуы, нарықтың барлық қатысушылары өз позицияларын белгілеуі, пікірталас алаңдарына белсенді қатысуы өте маңызды", - деп атап өтті әзірлеушілер.

 
Құжаттың толық мәтінімен "Ашық НҚА" порталында танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны