13.10.2022, 14:28 9931

Тоқаев Вьетнамның вице-президентімен екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуын талқылады

Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысуға келген Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесу өткізді.
Тоқаев Вьетнамның вице-президентімен екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуын талқылады
Астана. 13 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысуға келген Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті АӨСШК жұмысына белсенді қатысқаны үшін Вьетнам тарапына алғыс айтып, екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Тхи Ань Суан өзара сауда-экономикалық іс-әрекеттің табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскенін, екі ел арасындағы әуе қатынасын ашу туралы айтты. Сондай-ақ сауда, туризм, аграрлық, көлік-логистикалық және қаржы салаларындағы байланыстарды күшейту үшін мол әлеует бар екеніне назар аударылды", - деді ҚР Президентінің баспасөз қызметінде.

 
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті Нгуен Суан Фукке сәлем жолдады.
 
Өз кезегінде Во Тхи Ань Суан өз мемлекетінің басшылығы атынан Қазақстан Президентіне Вьетнамға сапармен келуге шақыруын тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны