29.12.2022, 09:56 28406

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Ол бұрын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ төрағасының орынбасары қызметін атқарған Нұрлан Құрмалаев болды
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 29 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлан Саиынұлы Құрмалаев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары - "Astana Innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.

2018-2019 жылдары - "Самұрық Қазына" КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.

2019-2021 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны