18.06.2021, 22:45 173343
Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жетті
Достарға айту
Оның ішінде қалалықтар – 11 221,1 мың (59,2%), ауылдықтар –7 741,8 мың адам (40,8%). 2020 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 251,7 мың адамға немесе 1,3% өсті.
Статведомство мәліметтері бойынша, 2021 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда (82,5 мың адам) 6,7% өсіп, 88,0 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,08 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-сәуірде туылғандар саны 137,4 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуірге (118,1 мың адам) қарағанда 16,3% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,99 туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 49,5 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуірге (35,7 мың адам) қарағанда 38,7% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,91 қайтыс болғандарды құрады.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 109 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (916 шетінеген нәресте) 21,1% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,07 оқиғаны құрады.
Халықтың көші-қоны
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2 853 адамды, елімізден кеткендердің саны 7 491 адамды, көші-қонның айырымы - 4 638 адамды құрады.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 83,1% және 81,7% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 12,8%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (9 597 адам), Нұр-Сұлтан (7 433 адам), Шымкент (6 710 адам), қалаларында және Маңғыстау облысында (326 адам).
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы ұлттық санақ 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі түрде де қатысуға болады. 2021 жылғы халық санағының ұраны - "Қазақстанда әркім маңызды!".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.06.2026, 18:40 13406
Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді
Дауыс беру 21 маусымда өтеді
Достарға айту
21 маусым күні Қызылорда облысында 1 қала, 1 кент, 3 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. Атап айтқанда, Арал ауданының Арал қаласы, Жалағаш ауданының Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтері, Шиелі ауданының Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округінің әкімдері сайланады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазинформға сілтеме жасай отырып.
Арал қаласында 22989, Ақсу ауылдық округінде 1028, Жаңаталапта 424, Шиелі кентінде 22669, Жиделіарық ауылдық округінде 560 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Саяси науқанда барлығы 33 учаске жұмыс жасап, 230 комиссия мүшесі сайлаушыларға қызмет көрсетеді. Жексенбіде өтетін 5 округтегі сайлауда 16 кандидат бюллетеньге енгізіледі. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынған. 16 кандидаттың 59-ының сенім білдірілген адамы аумақтық сайлау комиссияларынан тиісті куәлік алды", - делінген хабарламада.
Учаскеге келе алмайтын сайлаушылар 21 маусым күні сағат 12.00-ге дейін өтініш беру арқылы үйден дауыс беруге мүмкіндік алады.
20 маусым - тыныштық күні. Дауыс беру таңғы 07.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 16:49 14671
Халықаралық ықпал және цифрлық жаңғыру: Қазақстан саясатының жаңа басымдықтары
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Қазақстан халықаралық позицияларын нығайту, цифрлық экономиканы дамыту және мемлекеттік институттарды жаңғырту бағытын сақтап отырғанын көрсетті. Негізгі назар сыртқы саяси бастамаларға, жаңа қаржылық құралдарды іске қосуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және инвестициялық дипломатияны дамытуға аударылды. Сонымен қатар, мемлекет әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мен адами капиталды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырды.
Саясат: институттар мен дипломатия арқылы халықаралық ықпалды күшейту
Кезеңдегі басты саяси оқиға Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құрудың құқықтық рәсімдерінің аяқталуы болды. 17 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы келісім мен орталық қызметіне қатысты меморандумды ратификациялау туралы заңдарға қол қойды.
Жаңа құрылым Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ауғанстанмен жұмыс жүргізеді. Бұл шешім Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды халықаралық алаңдардың бірі ретіндегі позициясын нығайтып, Астананың өңірлік ынтымақтастықтағы рөлін арттыруға ұмтылысын көрсетеді.
Сонымен қатар, дипломатиялық белсенділік жоғары деңгейде сақталды. Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Қытаймен, Канадамен, Еуропалық одақ елдерімен және Корея Республикасымен өзара іс-қимыл жалғасты. Қазақстан мен ЕО визалық режимді жеңілдету және реадмиссия мәселелері бойынша келіссөздердің келесі кезеңіне өтті.
Сыртқы саясат инвестиция тарту, сауданы дамыту, көлік бағыттарын кеңейту және технологиялық әріптестікті нығайту сияқты практикалық міндеттерге бағытталып келеді. Экономикалық дипломатия мемлекеттік саясаттың маңызды құралдарының біріне айналуда.
Экономика: цифрлық инфрақұрылым және халықаралық әріптестік
Экономикалық саладағы басты оқиға 19 шілдеден бастап бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесінің іске қосылатыны туралы хабарлама болды. Жаңа инфрақұрылым әртүрлі банктердің клиенттеріне қызмет көрсететін банкке қарамастан бірыңғай QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.
Бұл жоба қаржы секторын цифрландырудың кезекті кезеңін аяқтайды. Сонымен қатар 1 мамырдан бастап цифрлық активтер индустриясына арналған заңнамалық базаның қалыптасуы бұл процеске қосымша серпін берді.
Халықаралық экономикалық ынтымақтастық та дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255,1 млн АҚШ долларына жетті. Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі, цифрлық технологиялар, логистика және Африка елдерін қоса алғанда үшінші мемлекеттердің нарықтарындағы бірлескен жобалар мәселелерін талқылады.
Ғылыми-технологиялық сала үшін маңызды жаңалықтардың бірі - 2028 жылы Алматыда Халықаралық атом энергиясы агенттігі ұйымдастыратын зерттеу реакторлары жөніндегі халықаралық конференцияның өтетіні туралы шешім болды. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 400 ғалым мен сарапшы қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар Ядролық физика институтының ВВР-К зерттеу реакторының пайдалану мерзімін кемінде 2040 жылға дейін ұзарту жоспарлары жарияланды.
Қоғам: адами капиталға инвестициялар
Әлеуметтік күн тәртібінің негізгі бағыты білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту болды.
Президент Астана медицина университетіне ұлттық университет мәртебесін беру туралы шешімді қолдады. Сонымен қатар оқу орнына көрнекті ғалым Төрегелді Шармановтың есімі беріледі. Бұл мемлекеттің медициналық ғылым мен мамандар даярлауға ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді.
Қоғамда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы төлеу туралы шешім кең талқыланды. Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ Олимпиаданың үздік алты спортшысының қатарына енген Надежда Морозова үшін де ақшалай марапат қарастырылған.
Бұл шешімдер адами капиталды дамытуға бағытталған кең ауқымды саясаттың бір бөлігі болып табылады. Мемлекет білім беру, ғылым, денсаулық сақтау және спортты елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторлары ретінде қарастыруда.
Талдау және қорытынды
Кезеңнің басты үрдісі мемлекетті дамытудағы институционалдық тәсілдің күшеюі болды. БҰҰ Өңірлік орталығын құру, экономикалық дипломатияны дамыту, бірыңғай QR-төлем жүйесін енгізу және ғылыми-білім беру жобаларын қолдау бірыңғай жаңғырту стратегиясының құрамдас бөліктері ретінде көрінеді.
Қазақстан халықаралық ынтымақтастықтың өңірлік орталығы ретіндегі позициясын нығайта отырып, экономиканы цифрландыру мен адами капиталды дамыту бағытындағы жұмысты қатар жүргізуде. Сонымен бірге халықаралық байланыстардың басым бөлігі инвестиция тарту, сауданы кеңейту және технологиялық әріптестікті дамыту сияқты қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталып отыр.
Осылайша дипломатия, цифрлық трансформация және білім мен ғылымға салынатын инвестициялар біртұтас даму моделіне айналып келеді. Ал негізгі сын-қатер мемлекеттік институттардың осы бастамаларды тиімді іске асырып, институционалдық шешімдерді тұрақты экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге айналдыру қабілетіне байланысты болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 16:14 16981
Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
Достарға айту
Қозыбаев университетінің ғалымдары мен студенттері Солтүстік Қазақстандағы ежелгі «Ақ-Ирий» қалашығында жүргізілген биылғы археологиялық маусымның жұмыстарын аяқтады. 17 күнге созылған экспедиция барысында көптеген құнды деректер мен тың жаңалықтар жинақталды, деп хабарлайды Қазинформ.
Қоныс Солтүстік Қазақстан облысындағы Долматово ауылының маңында биік үшбұрышты мүйісте орналасқан, үш жағынан 40 метрлік өзен жартастарымен қорғалған, ал екінші жағынан қорған бекіністерімен бөлінген. Ғалымдардың пікірінше, нысан қорғаныс қызметімен қатар діни рәсімдер өткізуге, шаруашылық жүргізуге, сауда қатынастарын дамытуға және шекаралық бақылауды жүзеге асыруға пайдаланылған.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, археологтар бұл нысанда 22 жылдан астам уақыт бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы кезеңде өңірді мекендеген тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертетін көптеген құнды жәдігерлер анықталды.
Биыл ғалымдар қалашық аумағынан табылған сүйек пен көмір үлгілеріне жүргізілген радиокөміртектік сараптама нәтижелерін алды. Зерттеу Литваның Вильнюс қаласындағы арнайы зертханасында жүргізілді. Органикалық материалдардың жасын анықтауға мүмкіндік беретін С14 радиоактивті изотопы бойынша жүргізілген сараптама қалашықтың Алтын Орда дәуіріне жататынын растады.
Айта кетейік, «Ақ-Ирий» қалашығы Солтүстік Қазақстанның киелі нысандарының тізіміне енгізілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 14:26 19556
2025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді
Достарға айту
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12,6 млн адам немесе ел халқының 62,4%-ы табиғи газға қол жеткізген. 2025 жылдың қорытындысында 82 газбен жабдықтау жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды. Бір жыл ішінде 2 мың шақырымнан астам газ құбыры салынды. Нәтижесінде, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті. Бүгінде 20,5 млн тұрғынның 13,1 миллионы табиғи газға қол жеткізіп отыр, деп мәлім етті ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев газ саласының қазіргі нәтижелері мен даму перспективалары туралы баяндама барысында.
Оның айтуынша, Қазақстанды газдандыру 2035 жылға дейінгі Бас газдандыру схемасы аясында жүзеге асырылып келеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен өңірлерді дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Биыл республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға 27,3 млрд теңге бөлінді. Бұл газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізіп, қосымша 32 мыңға жуық адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Магистральдық газ көлігі инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Вице-министр Қостанай облысында іске асырылып жатқан КС-14 жаңа компрессорлық станциясын және "КС-14 - Қостанай" магистральдық газ құбырын салу жобасы туралы айтты. Жоба астықты терең өңдеу, глинозем мен алюминий өндіру, газ-химия кешені және ыстықтай брикеттелген темір шығару секілді ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған жоба Қазақстан мен Катар арасындағы үкіметаралық келісім аясында катарлық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, катарлық инвесторлармен бірлесіп "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісін салудың бірінші кезеңі іске асырылуда.
Жыл соңына дейін ұзындығы 1,5 мың шақырым болатын және жылына 10 млрд текше метрге дейін газ өткізуге қабілетті газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
2027-2029 жылдарға жоспарланған екінші кезең аясында компрессорлық станциялар салынып, газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтылатын болады.
Алматы облысы мен Жетісу облысын қосымша газ көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тағы бір стратегиялық маңызды жоба - "Алматы - Талдықорған" магистральдық газ құбырының екінші желісін салу.
Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Оң қорытынды алынғаннан кейін жобаны қаржыландыру және одан әрі іске асыру мәселесі қаралатын болады.
Энергетика министрлігінде атап өткендей, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, халықты газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және өңірлердің одан әрі экономикалық дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 14:20 19846
Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 18-ші отырысында құжаттағы ең көп талқыланатын нормалардың бірі - нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және кәсіпшілік балық аулау өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бұл жерде әңгіме экспорт кезінде осындай өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын 80%-ға азайтуды көздейтін Салық кодексінің 484-бабының нормасы туралы болып отыр. Салалық қауымдастықтармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және экспорттаушылармен талқылау барысында экспорттық жеткізілімдер бойынша ҚҚС-ты толық өтеу мүмкіндігін сақтау отандық аграрийлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Жобалық кеңсе отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды деген шешім қабылданды. Яғни, Салық кодексінің 484-бабының осы нормасы жойылады. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі "пирамида әдісі" деп аталатын салықтық тексерумен расталады. Бұл тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін - ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтара алады.
Бұл ұсыныс Салық кодексіне түзетулердің жалпы пакетіне енгізіліп, Құрылтайдың қарауына жіберілетін болады. Ол қабылданған жағдайда аталған өзгерістер жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап ретроспективті түрде қолданылмақ.
Есепке алу ҚҚС түзету жөніндегі норманы енгізу кезінде бір мезгілде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдік кеңейтілді: бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын азайту мөлшері 70% - дан 80% - ға дейін ұлғайтылды. Экспорттық ҚҚС-ты қайтарудың бұрын қолданыста болған тетігін сақтау туралы шешім қабылданғандықтан, жеңілдіктің бұрынғы мөлшері - 70%-ды қалпына келтіру ұсынылады.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп ҚҚС қайтару кезінде цифрлық теңгені пайдалану тетігін пысықтауда. Оны енгізу бойынша жұмысты биыл аяқтау жоспарлануда. Бұл құрал ең алдымен экспорттаушыларға бағытталған және ҚҚС қайтару мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте оны қолдану тек ерікті сипатқа ие: бизнес ҚҚС қайтарудың қолданыстағы тәртібі мен цифрлық теңгені пайдалану тетігі арасында таңдау жасай алады.
Серік Жұманғарин атап өткендей, шешім қабылдау кезінде салалық қауымдастықтардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен экспорттаушылардың ұсыныстары ескерілді. Таңдалған тәсіл аграрлық секторды қолдаудың қолданыстағы шараларын сақтауға, экспорттаушылар үшін тұрақты және болжамды жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін қолдауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 09:58 25076
Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Вьетнам Социалистік Республикасы шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету мақсатында "Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін" (Pre-arrival Information - PAI) пилоттық режимде іске қосқанын хабарлайды.
Аталған жүйе шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті ақпаратты онлайн режимде алдын ала ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартуға және әуежайлардағы жолаушылар ағынын оңтайландыруға бағытталған.
PAI жүйесі қазіргі уақытта Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істейді және алдағы уақытта Вьетнамның Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында, сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы басқа да өткізу пункттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.
СІМ PAI жүйесі Вьетнамға кіру үшін міндетті талап болып табылмайтынын және виза рәсімдеу функциясын атқармайтынын атап өткен жөн. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынуға арналғандығын айтып өтті.
Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркелуді тек ресми портал арқылы жүзеге асыруды және жалған интернет-ресурстардан сақ болуды ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 09:30 25716
Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және бейінді ұйымдардың өкілдері қатысатын арнайы жұмыс тобын құрды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін жалғастыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен сарапшылар қауымдастығы және үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңесте сарапшылар мен бейінді институттар жүйені жаңғыртуға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынды.
Атап айтқанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры медианалық жалақыға қатысты орташа айлық табыс пен жүйеге қатысу еңбек өтіліне негізделген әлеуметтік зейнетақы төлемі жүйесін енгізу тәсілін ұсынды. Бұл модель тек жинақтаушы жүйеге тән тәуекелдерді азайтып, төлемдердің ынтымақтастық және болжамдылық қағидаттарын енгізуге бағытталған.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс беруші жарналарының 4%-ын азаматтың жеке зейнетақы шотына, ал 1%-ын ынтымақты (сақтандыру) құрамдас бөлікке аударуды көздейтін модельді таныстырды. Бұл шешім азаматтарға өмір сүру ұзақтығына қарамастан өмір бойы қаржылық қолдау көрсетіп, ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Нұғмановтың ұзақ жылдар бойы еңбек еткен азаматтарды қолдауға бағытталған ұсынысы да талқылануда. Атап айтқанда, 40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар үшін, әсіресе бюджет саласы қызметкерлеріне қатысты, зейнетке шығу уақытын икемді реттеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылған.
Аталған тәсілдерді талқылауға беделді сарапшылар, оның ішінде БҰҰ жанындағы Астанадағы мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, сондай-ақ Болат Жәмішев, Ораз Жандосов пен Елена Бахмутова қатысуда.
ЕХӘҚМ-де ұсынылған бастамалардың барлығы қазіргі уақытта талқылау сатысында екенін және консультативтік-ұсынымдық сипатқа ие екенін атап өту керек. Министр Асқарбек Ертаевтың пікірінше, азаматтық қоғам институттарының талқылау процесіне белсенді қатысуы салмақты әрі әлеуметтік бағдарланған шешімдер қабылдаудың маңызды шарты болып табылады. Зейнетақы жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі түпкілікті шешімдер қаржылық тұрақтылықты, әлеуметтік тиімділікті және азаматтар үшін ықтимал салдарды жан-жақты бағалау нәтижелері бойынша қабылданады.
Министрліктің басты басымдығы - азаматтарға зейнет жасына жеткеннен кейін ұзақ мерзімді перспективада лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алатын тұрақты әрі теңгерімді зейнетақы жүйесін қалыптастыру. Түскен барлық ұсыныстардың қаржылық негізділігі, әлеуметтік әділеттілігі және практикалық іске асырылу мүмкіндігі қарастырылады", - деп атап өтті Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Динара Қайролла.
Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша кешенді шаралар қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері 10%-ға индекстелді. Сонымен қатар, биыл базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылды, ал 2027 жылы бұл көрсеткіш күнкөріс деңгейінің 120%-ына дейін жеткізіледі. Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда: 2026 жылы олардың мөлшері қызметкер табысының 3,5%-ын құрайды, ал 2028 жылға қарай 5%-ға дейін ұлғайтылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 19:35 39076
Алматыда МАГАТЭ-нің зерттеу реакторлары жөніндегі халықаралық конференциясы өтеді
Достарға айту
Алматыда 2028 жылы Халықаралық атом энергиясы агенттігі ұйымдастыратын зерттеу реакторларына арналған халықаралық конференция өтеді. Іс-шараның негізгі алаңдарының бірі Ядролық физика институты болады. Бұл туралы институттың бас директоры Саябек Сахиев журналистерге арналған баспасөз турында мәлімдеді.
Оның айтуынша, МАГАТЭ мұндай конференцияны төрт жылда бір рет өткізеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 400 ғалым, маман және сарапшы қатысады.
Қазақстан 2028 жылғы келесі конференцияны өткізуге өтінім берген алғашқы елдердің бірі болды. 26 мамырда МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси Астанаға келген кезде Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев тиісті хатты табыстады. Шамамен екі апта бұрын жауап алдық - МАГАТЭ бұл іс-шараны Алматы қаласында, әрине, Ядролық физика институтының базасында өткізеді", - деді Саябек Сахиев.
Институт басшысы конференцияға зерттеу реакторлары саласындағы әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшылары келеді деп күтіліп отырғанын атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінге дейін Қазақстан жаңа зерттеу реакторының жобасы бойынша нақты шешім қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл шешім халықаралық сарапшылармен талқыланып, олардың кәсіби бағасы мен ұсыныстары ескеріледі. Жаңа зерттеу реакторы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулермен қатар жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға да қызмет етеді деп күтілуде.
Болашақта ол тек ғылым үшін ғана емес, радиофармпрепараттар өндіру үшін де жұмыс істеуі керек. Тіпті Қазақстанда микрочиптер мен жартылай өткізгіштер өндірісін дамытуға да мүмкіндік беруі мүмкін", - деп қорытындылады бас директор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2026, 09:30Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды 19.06.2026, 09:58 25206Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 14:20 20001Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды19.06.2026, 14:26 197062025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді19.06.2026, 16:14 17071Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
15.06.2026, 17:34 54926Қазақстан ШЫҰ-ның рөлін нығайтуды қолдайды - СІМ15.06.2026, 17:31 54546Қазақстан мәдениет, энергетика және экономика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде15.06.2026, 19:19 54516Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері КОПУОС-тың 69-сессиясында таныстырылды15.06.2026, 18:58 54201Қазақстан мен Швеция экономикалық ынтымақтастықты жаңа практикалық деңгейге көтеруде17.06.2026, 10:08 53336Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек
22.05.2026, 20:31 251796Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237501Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207931ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 195006Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194991Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

