03.08.2021, 21:07 8291
Білім министрлігі 19 талапкердің ҰБТ нәтижелерінің күшін жойды
Достарға айту
Бұған дейін Білім және ғылым министрі ҰБТ-ны тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуді және тестілеу нәтижелерін бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.
Өткен жылы бақылау камераларынан бейнежазбаларды қарау туралы ереже енгізілген болатын. ҰБТ аяқталғаннан кейін 152 талапкердің тестілеу ережесін бұзғаны анықталып, нәтижелері жойылды. Олардың 91-і білім беру гранттынан айырылды.
Бақылаудың күшеюі үш жыл ішінде тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттері біршама азайды. 2019 жылы 128 мың, 2020 жылы 1296 түлек ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, биыл 758 жағдай тіркелді. Тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдалануға тырысқандардың саны 2019 жылғы 2363-тен 2021 жылы 749-ға дейін азайды.
Алдымен, Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 100-ден жоғары балл жинаған тестіленушілердің бейнежазбаларын тексереді. Мәселен, талапкерлердің нәтижелері наурыз және мамыр, маусым айларындағы көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары болуы мүмкін.
Биыл ҰБТ бейнежазбаларының бір бөлігін егжей-тегжейлі қарап шыққаннан кейін, 19 талапкердің шпаргалкаларды қолданғаны және ережелерді бұзғаны анықталды. Осыған байланысты олардың нәтижелері жойылды.
Біз түлектеріміздің тек өз біліміне үміт артуын қамтамасыз ету үшін осындай мұқият тексеру жүргізіп жатырмыз. Өйткені, бүгін тест тапсырып, ережені бұзған талапкердің ертең полиция қызметкері, дәрігер, мұғалім немесе судья ретінде адал маман болатынына кепілдік жоқ. Сондықтан комиссия 19 талапкердің нәтижелерін жоюға шешім қабылдады. Енді олар білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алмайды. Бірақ бұл жағдайлар балалар тарапынан болғандығын ескеріп, оларға жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқу мүмкіндігі беріледі. Бейнежазбаларды тексеруді жалғастырамыз. Бұзушылықтар анықталған жағдайда нәтижелер мен тіпті берілген гранттардың да күші жойылады", – деп атап өтті ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Наужан Дидарбекова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.03.2026, 17:12 5661
Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын белсенді қолдануда. Колледждердің заманауи шеберханалары мен зертханалары цифрлық технологиялармен толықтырылуда, бұл педагогтың жұмыс сипатын өзгертіп, кадрлар даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 763 колледжде шамамен 556 мың студент білім алуда. Студенттердің 70 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тегін оқиды, ал кадрлар даярлауға шамамен 40 мың педагог тартылған.
Осы жұмыс аясында Ағарту министрлігі ChatGPT Edu білім беру платформасын колледждерге кіріктіру жұмысын жүргізуде. Педагогтарға OpenAI Education for Countries халықаралық бағдарламасы бойынша Министрлікке берілген жалпы квотадан 10 000 лицензия бөлінді. Еске салайық, Қазақстан осы бастамаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болды.
ChatGPT Edu педагогтарға сабақ жоспарларын, тесттер мен практикалық кейстерді жедел дайындауға, күрделі техникалық материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне бейімдеуге, студенттермен кері байланыс орнатуға көмектеседі. Колледждердің оқу үдерісінде жасанды интеллектті қолдану экономиканың заманауи технологиялық және инновациялық салаларында жұмыс істеу үшін қажетті цифрлық дағдылар мен құзыреттерге ие мамандарды даярлауға ықпал етеді.
Сонымен қатар кадр даярлаудың мазмұны жаңартылуда. Колледждердің білім беру бағдарламаларына заманауи өндірістік технологиялар мен WorldSkills стандарттарына бағдарланған цифрлық модульдер енгізілді. Цифрлық құралдармен толықтырылған заманауи шеберханалар колледждерді жастар үшін тартымды етіп, технологиялық тұрғыдан дамып келе жатқан салалар үшін мамандар даярлауға ықпал етуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2026, 13:32 5176
Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді
Достарға айту
Бүгін Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжат туристік саланы дамытуға қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жаңа заң аясында туризм заңнамасындағы негізгі ұғымдар нақтыланды. Атап айтқанда, гид, экскурсовод, туризм ресурстары және нысандары түсініктері айқындалды. Сонымен қатар гидтер мен экскурсоводтарды міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеу талабы алынып тасталды. Бұл мамандарға ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан еркін қызмет етуге мүмкіндік береді.
Заңда визит-орталықтардың қызметі алғаш рет құқықтық тұрғыдан реттелді. Олардың құқықтық мәртебесі, негізгі функциялары, орналасу тәртібі айқындалып, туризм нысандарының қатарына енгізілді. Мұндай орталықтар туристерге маршруттар, қызметтер мен инфрақұрылым туралы ақпарат беретін негізгі орындарға айналып, отандық және шетелдік қонақтарға қызмет көрсетудің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді.
Құжатта туристік инфрақұрылымды мемлекеттік қолдау шаралары да нақтыланды. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің визит-орталықтар, жол бойындағы сервис нысандары, орналастыру орындарын салу және қайта жаңғыртуға жұмсаған шығындарының бір бөлігі өтеледі. Сонымен қатар тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен туризм көлігін сатып алу шығындарын өтеу мүмкіндігі қарастырылған.
Туроператорларды қолдаудың қосымша тетіктері де енгізілді. Олардың шығындарын субсидиялау қарастырылып, туристік автобустардың мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінен өту рәсімін жеделдету көзделген. Сондай-ақ балалар үшін ұлттық парктерге кіру тегін болады.
Заңда мемлекеттік қолдау алған туризм нысандарының қаражатын мақсатты пайдалануын бес жыл бойы мониторингтеу нормасы енгізілді. Бұдан бөлек, туристік ресурстар аумағындағы санитарлық-гигиеналық тораптардың жағдайына бақылау күшейтіледі.
Жалпы енгізілген өзгерістер ішкі және келу туризмін дамытуға берік негіз қалыптастыруға, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және білікті мамандарды тартуға бағытталған. Сонымен қатар заң мемлекеттік органдардың басым туризм аумақтарын айқындау және ақпараттық орталықтардың саланы қолдауға арналған ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау құзыретін бекітеді.
Қабылданған шаралар туристік инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және Қазақстанның қауіпсіз әрі тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 19:22 5436
Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады
Достарға айту
Бүгін Мемлекет басшысы "Туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжат балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді көздейді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыру жүйесін жаңғыртуға бағытталған тиісті заң жобасын әзірледі.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшу балалар мен жасөспірімдер спортын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыны қамтамасыз етуге жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазіргі уақытта сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңгені құрайды.
Айта кету керек, осы уақытқа дейін Туризм және спорт министрлігі сметалық қаржыландыру жүйесін қолданатын жалғыз мемлекеттік орган болып келді. Осыған байланысты саланы басқару тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшу жоспарланып отыр.
Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Аталған шығыстар Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен қолдау тапты, қосымша қаражат жергілікті бюджеттер есебінен бөлінеді.
Еліміздегі барлық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізу 2026 жылға жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 16:56 5861
Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді
Достарға айту
Биыл 1-3 қазан аралығында елорда Орталық Еуразиядағы ең ірі технологиялық оқиға - AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумының алаңына айналады. Бұрын Digital Bridge атауымен белгілі болған форум жаңартылған форматта өткізіліп, Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған басымдықтарын айқын көрсетеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
AI & Digital Bridge форумында жетекші технологиялық компаниялар, кәсіпкерлер, инвесторлар, зерттеушілер және мемлекеттік институттардың өкілдері бір алаңда бас қосып, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және инновациялық экономика болашағын талқылайды.
Форумның ресми бағдарламасындағы стратегиялық іс-шаралардың бірі - Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы. Жиында елдегі AI экожүйесін дамыту, жасанды интеллект саласындағы ұлттық саясатты іске асыру және жаңа цифрлық экономика үшін кадр даярлау мәселелері қарастырылады.
Форум бағдарламасының дәстүрлі әрі көпшілік асыға күтетін бөлімдерінің бірі - Astana Hub Battle халықаралық стартап-байқауы. Бұдан бөлек жасанды интеллект саласындағы жаңа есімдерді танытуға ықпал ететін ауқымды халықаралық жарыс өтеді. Жас IT-командалар үшін бұл идеяларын таныстырып, жобаларын дамытуға қолдау табудың маңызды алаңы болмақ.
Бүгінде AI & Digital Bridge аймақтың жетекші технологиялық оқиғаларының біріне айналды. Жеті жыл ішінде форумға 100 елден 127 мыңнан астам адам қатысып, 1500-ден астам спикер ой қозғап, 600-ден астам стартап жаһан назарына таныстырылды.
Форум тұрақты негізде дамып келеді және биыл да бюджет қаражатын тартпай ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылар: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері және Астана қаласының әкімдігі.
Өтетін орны: EXPO халықаралық көрме орталығы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 13:36 4951
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
Достарға айту
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % құрады.
Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 % құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 12:06 6036
Қазақстанда республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2026 жылғы 15 наурызда, республикалық референдум өткен күні, елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді. Бір тәуліктің ішінде барлығы 583 босану қабылданды, оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар.
Балалардың ел үшін маңызды күні дүниеге келуі - өмірдің жалғасуы мен Қазақстанның болашағының нышаны. Әрбір жаңа азамат - мемлекеттің әрі қарай дамуына, әл-ауқаты мен өркендеуіне деген үміт.
Еліміздің барлық өңірлерінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Отбасыларды қуаныштарымен құттықтаймыз! Сәбилерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 10:44 9061
Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмедиа" орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент бүгін тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді.
Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді. Бұл - еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент жаңа Конституция, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды.
Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесуде "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірова, креативті индустрия өкілі, кәсіпкер Камиль Байрамов, белсенді жастар Ержан Хамитов пен Нұрбол Серікбай сөз сөйледі.
Жастар бір ай ішінде түрлі форматта 5 мыңға жуық кездесу өткізіп, оған 1,5 миллионнан аса азамат қатысқанын жеткізді. Сондай-ақ елімізде қолға алынған өзгерістердің барлығын қолдайтынын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 09:36 40721
Бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады
Достарға айту
Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 86,7%-ы референдумда жаңа Ата Заңның жобасын қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Еуразиялық интеграция институтының мәліметіне қарағанда, Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама жүргізілді.
- Сауалнамада 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалада, 71-і ауылды жерде орналасты. Сауалнамаға жалпы 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған сұхбат алушылар face-to-face әдісі арқылы сауал қойды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы жеті өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылары 9:00-де, 10:30-да, 12:30-да, 14:30-да, 16:30-да, 18:30 және 20:30-да жасалды, - делінген институт мәліметінде.
Дауыс берушілерге "Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба? Қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?" деген сұрақ қойылды. Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7 пайызы "Иә, қабылдаймын" деп жауап берген. Референдумға азаматтардың қатысуы 75,3 пайызды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.03.2026, 10:24Қазақстан мен Малайзия сауда, инвестиция және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда 12.03.2026, 13:25 191211Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының сессиясында ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыруға шақырды12.03.2026, 21:21 190041Стокгольмде Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды12.03.2026, 14:07 189996Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды12.03.2026, 15:10 189936Астанада Қазақстан-Бельгия саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті
04.03.2026, 10:54 238236Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230426Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229871Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229856Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229826Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

