14.07.2022, 15:20 3716

Тоқаев: елдегі инфляция 2015 жылғы деңгейден асып түсті

Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетті.
Тоқаев: елдегі инфляция 2015 жылғы деңгейден асып түсті
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы еліміздің күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. 
 

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өскен. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Инфляция бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті", – деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны