02.02.2018, 14:15 7791

2017 жылы Жаӊаөзен қаласыныӊ өнеркәсіп өнімдерініӊ өндіріс көлемі 155,5 млрд. теӊгені құрады

Жаӊаөзен қаласыныӊ әкімі Иділбек Дауылбаев Маӊғыстау облысы әкімініӊ орынбасары Серік Аманғалиевтіӊқатысуымен өткен жиында тұрғындар алдында есеп беріп, 2017 жылы жасалған жұмыстар бойынша қаланыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады.

Ақтау. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Жаӊаөзен қаласыныӊ әкімі Иділбек Дауылбаев Маӊғыстау облысы әкімініӊ орынбасары Серік Аманғалиевтіӊқатысуымен өткен жиында тұрғындар алдында есеп беріп, 2017 жылы жасалған жұмыстар бойынша қаланыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады.

2017 жылдыӊ 1 желтоқсанына халық саны 147,7 мыӊ адамды құрады.

Өнеркәсіп өнімдерініӊ өндіріс көлемі 155,5 млрд.теӊге. Нақты көлем индексі 117,4 %немесе 17,4 %-ға артты.

2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 30,2 млрд.теӊгеніқұрап, 2016 жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 39,1%-ға;

Құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 24,2 млрд.теӊгені құрап, 2016 жылдыӊ деӊгейіне қарағанда 11,3%-ға;

Іске қосылған тұрғын үйлердіӊ жалпы ауданы 109,4 мыӊ шаршы метр, 2016 жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 9,1%-ға өсті.

Қала бойынша 8113 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 4 424 жаӊа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деӊгейі - 1,6%. (2016ж. - 3,0%).

"Жаӊаөзенқаласынәлеуметтік - экономикалықдамытудыӊ 2012-2020 жылдарғаарналғанКешендіжоспарышеӊберінде 2017 жылы бюджеттен 1,254 млрд.теӊге игерілді. Оныӊ ішінде өтпелі 3 жоба іске асырылды:

1. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында "Арай" шағынауданындағы 320 орындық балабақша құрылысына - 127,6 млн.теӊге жұмсалды. Нысанныӊ құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2. "Жаӊаөзен қаласындағы Еділ суын тәулігіне 30 мыӊ текше метр ауыз су сапасына дейін дайындайтын су тазарту құрылыстарын салу" жобасына - 278,2млн.теӊге жұмсалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Аяқталу мерзімі - 2018 жылдыӊ 1-жартыжылдығы;

3. "Орталық қазандықты шағын ЖЭО-ға ауыстыра отырып, қайта жаӊғырту және кеӊейту жобасыныӊ" құрылысы толық аяқталып, нысан іске қосылды", - деді өз баяндамасында Жаӊаөзен қаласыныӊ әкімі Иділбек Дауылбаев.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасыаясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген 50 маманға (әр қайсысына 158,8 мыӊ теӊгеден) барлығы - 7,9 млн.теӊге көлемінде көтерме жәрдемақы бөлінді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген 12 маманға тұрғын үй сатып алуға (әр кайсысына 3,4 млн.теӊгеден) барлығы 40,8 млн.теӊге көлемінде бюджеттік кредит берілді.

"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудыӊ 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы шеӊберінде Жаӊаөзен қаласыныӊ "Рауан", "Рахат", "Арай" шағынаудандарында 900 орындық мектептердіӊ құрылысына 2017 жылға 1 950,0 млн.теӊге жұмсалды, 2018 жылға 2 472,4 млн.теӊге бөлінді, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Нысандардыӊ аяқталу мерзімі 2018 жылдыӊ тамыз айы.

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өндірістік аймақтан жалпы аумағы 30,0 гектар жер телімі бөлініп, 16,2 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" шеӊберінде "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы арқылы барлығы 13 адамға 70,5 млн.теӊге көлемінде шағын несие берілді.

Қала жолдарыныӊ ағымдағы жөндеу жұмыстарына - 10,6 млн.теӊге жұмсалды. Облыс әкімініӊ хаттамалық тапсырмасына сәйкес, отандық электро-автобустарды өндіруші "Хайгер Квазар" жауапкершілі шектеулі серіктестігімен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдыӊ қаӊтар айында қалаға 1 бір электро-автобус жеткізіліп, қалған көліктерді жеткізу мамыр айына дейін жоспарлануда, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны