15.06.2022, 16:24 9241

Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 20 маусымда өтеді

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 20 маусымда өтеді
НҰР-СҰЛТАН. 15 МАУСЫМ - Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, ол 20 маусымда өтеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", – деп жазылған Өкім мәтінінде.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, шілде айында Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, онда елдің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны