11.07.2022, 17:07 24466

24 тамызға Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттарын сайлау тағайындалды

24 тамызға Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттарын сайлау тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. 11 ШІЛДЕ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын. Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сәйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін", - делінген құжатта.

 
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының әкімдері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
 
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны