04.04.2022, 18:02 17141

Қайғылы қаңтар: тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеуде

Қайғылы қаңтар: тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеуде
Сурет: facebook/Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 4 СӘУІР - Бас прокуратураның 1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингі барысында қаңтар айындағы оқиғалар кезінде жасалған қылмыстарды тергеу барысы туралы хабардар етті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Президенттің тапсырмасы бойынша, "қайғылы қаңтар" оқиғаларын тергеумен арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары айналысуда. Олардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар, оның ішінде 44 терроризм актілері, 47 жаппай тәртіпсіздіктер бойынша. 
 

Осы қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауаптылыққа тарту бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды, олардың 269-ы қамауда", - деді Елдос Қилымжанов.

 
Жалпы ел бойынша тергеу органдары 3 702 қылмыстық істі тергеуде. Олардың басым көпшілігі – ұрлық, тонау, қаруларды жымқыру және басқа қиын емес қылмыстар.
 

Егер адамдар анықталса, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін, істер бірден сотқа жолдануда. Осы қылмыстар үшін соттар 152 адамды соттады",- деп атап өтті Бас прокуратура өкілі.

 
Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда. 
 

Бүгінгі күні кінәні мойындауға және залалды өтеуге байланысты 135 азамат бас бостандығын шектеуге және қоғамдық жұмыстарға тартылды. Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 17 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алды", - деді спикер.

 
Мысалы, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының үкімімен бұрын 2021 жылы сотталған және пробациялық бақылаудағы азамат С. 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жаппай тәртіпсіздік кезінде қарақшылық әрекеттер жасап, ірі соммадағы ұрлық жасаған. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен азамат М. "Анна" қару-жарақ дүкенінен 4 мылтық пен оқ-дәріні ұрлағаны үшін 3 жылға нақты бас бостандығынан айырылды.
 
Арнайы прокурорлар рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданудың ең резонанстық он жағдайын тергеуде.
 
Қазақстанға қарсы басталған террорлық соғыс хроникасы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны