01.09.2022, 16:38 7546

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 61 жасқа дейін төмендетіледі

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 61 жасқа дейін төмендетіледі
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 61 жасқа дейін төмендетілетінін айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет", - деді Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

 
Бұдан басқа, зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет. 
 

Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді", - деп сендірді Мемлекет басшысы.

 
Сондай-ақ, Президент 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылатынын айтты.
 

Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі. Бұл қадам осындай жағдайға тап болған жандарға септігін тигізіп, қызметке тезірек оралуына мүмкіндік береді", - деді Тоқаев. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны