25.05.2023, 16:04 36686

Алматыда газ монополистіне 77 миллион теңге айыппұл салынды

Алматыда газ монополистіне 77 миллион теңге айыппұл салынды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) "APL Construction "ЖШС" (бұдан әрі-Серіктестік) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, деп хабарлайды Gov.kz.

Серіктестік өзінің үстем жағдайын инвестицияларды пропорционалды емес өтеу арқылы, газбен жабдықтаудың пәтер ішіндегі желілеріне қосылуға мәжбүр болған тұтынушылардың қаражаты есебін теріс пайдаланған, бұл тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына нұқсан келтіруге әкелді.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 77 343 750 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды. Бүгінгі күні сот қаулысы толық көлемде орындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны