01.02.2021, 19:13 6204

Тоқаев жүргізушілерге жүргізуші куәлігін және техпаспортты өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беретін заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа заң жүргізушілерге көлік құралына жүргізуші куәлігі мен техпаспортты өздерімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік береді. Мұндай жеңілдіктер тек ел ішінде және тек Қазақстан азаматтары үшін ғана қолданылады. Шетелдіктерде жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттары болуы керек. Сондай-ақ, құжаттарды Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алғандар өзімен бірге алып жүруі тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны