27.08.2021, 18:44 6337

Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылады.
НҰР-СҰЛТАН. 27 ТАМЫЗ - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының Бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - деп жазылған Өкім мәтінінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Парламент

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны