28.10.2021, 15:45 74747

Қазақстан мен Пәкістан Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Жаңа жоспардың жобасына жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және өзара қызығушылық тудыратын әскери қызметтің басқа да салаларына қатысты шаралар енгізілді.
НҰР-СҰЛТАН. 28 ҚАЗАН - Қазақстан мен Пәкістан Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов пен Пәкістан Ислам Республикасы қорғаныс ведомствосы делегациясының басшысы генерал-майор Мәжид Жаһангермен хаттамалық кездесу өтті. Тараптар екі елдің әскери ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. 
 

Пәкістан делегациясы Қазақстан-Пәкістан әскери комиссиясының бірлескен алтыншы отырысына қатысуға келді. Отырыста екі ел әскери ведомстволарының 2021 жылғы бірлескен жұмысының қорытындылары шығарылып, 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. Жаңа жоспардың жобасына жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және өзара қызығушылық тудыратын әскери қызметтің басқа да салаларына қатысты шаралар енгізілді", - деп хабарлады ведомствода.

 
Сондай-ақ, баспасөз қызметі атап өткендей, Қазақстанға сапар барысында Пәкістан делегациясы Алматыдағы Бітімгерлерді даярлау орталығына барады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны