13.01.2022, 15:36 52686

Монополияға қарсы комитет ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясын тексеруді бастады

Монополияға қарсы комитет ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясын тексеруді бастады
Сурет: kmg.kz
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚАҢТАР - Елордалық монополияға қарсы департамент қызметкерлері "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының кеңсесіне тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өзінің Telegram-каналында мәлімдеді.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын сататын ірі алты компанияға қатысты тергеуді бастады. "Қазмұнайгаз" АҚ, "Петросун" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "Қазгермұнай" БК" ЖШС, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС және "ҚазГПЗ" ЖШС компаниялары ТМД аумағында көтерме саудада шикізат бағасын шектен тыс асырды деген күдікпен тексерілмек.
 
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылық ахуалына жол бергені үшін Үкіметте, атап айтқанда Энергетика министрлігінде, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" және "Қазақгаз" компанияларында ерекше кінә бар екенін атап өтті.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны