14.01.2022, 16:14 57636

СІМ: Қазақстанның сыртқы саясаты өзінің негізгі қағидаттарын ұстануда

"Үкімет отандық және шетелдік инвесторлар мен сауда әріптестерінің Қазақстан экономикасына деген сенімін қалпына келтіру үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды, инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленетін болады".
СІМ: Қазақстанның сыртқы саясаты өзінің негізгі қағидаттарын ұстануда
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚАҢТАР - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шетелдік дипломаттарға елдегі тәртіпсіздіктің себептері мен мемлекеттің реакциясы туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

М. Тілеуберді өз сөзінде 2022 жылғы қаңтар айының басындағы еліміздің түрлі аймақтарындағы оқиғалардың хронологиясын, сондай-ақ олардың негізгі салдарын таныстырды. Дипкорпусқа оқиғаның себептері және мемлекеттің реакциясы туралы хабарланды. Ол елдегі жағдай толығымен тұрақтанғанын, ҰҚШҰ бітімгерлері миссиясын аяқтағанын атап өтті. Қазақстанның сыртқы саясаты өзінің негізгі қағидаттарын ұстануда. Біздің барлық халықаралық міндеттемелеріміз толық көлемінде қалып отыр", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінде.

 
Министр 11 қаңтарда Парламент мәжілісінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған Үкіметтің алдына қойған қоғам мен мемлекет экономикасын жаңарту жөніндегі міндеттеріне егжей-тегжейлі тоқталды. 
 

Атап айтқанда, Үкімет отандық және шетелдік инвесторлар мен сауда әріптестерінің Қазақстан экономикасына деген сенімін қалпына келтіру үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды, инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленетін болады", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Өз кезегінде, осы қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқымен ынтымақтаса отырып, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары "бірінші ауыздан" ақпарат алуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіріп, Үкімет пен Мемлекет басшысының орын алған қайғылы оқиғалардан кейін елді қалпына келтіру жөніндегі күш-жігеріне қолдау білдірді. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны