11.02.2022, 16:48 44361

Қазақстан Президенті Қазан қаласына келді

Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.
ҚАЗАН. 11 АҚПАН - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.
 

Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан Президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан "Камаз" және "Танеко" сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады", - деді Берік Уәли.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны