24.02.2022, 17:56 12876
"Қазақтелеком" басшысы Президентті цифрлық теңсіздіктің одан әрі төмендеуі туралы хабардар етті
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 5G желісін енгізудің және цифрлық теңсіздікті одан әрі төмендетудің перспективалары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Қуанышбек Есекеев Президентке 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптикалық-талшықты магистраль базасында жергілікті желілерді салу бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы айтты. «Цифрлық серіктес» бағдарламасы аясында жоғары жылдамдықты интернетті әрбір үйге жеткізу жобасына жеке сервистік компаниялар қосылған, деп хабарлайды Ақорда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы компанияның 2300 МГц диапазонындағы FWA (Fixed Wireless Access, тіркелген сымсыз байланыс) озық технологиясын пайдалану жөніндегі жоспарымен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету жөніндегі қазіргі қызметіне, сондай-ақ ұлттық телеком-оператордың перспективасы бар жобаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.12.2025, 13:07 25951
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа іскерлік белсенділік, инфляцияға ықпал ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар туралы айтылды. Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
Мемлекет басшысына қаржы, валюта және мемлекеттік бағалы қағаздар нарықтарындағы жағдай, Ұлттық қор мен Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры активтерінің, алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді.
Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсті. 11 айдағы инвестициялық табыс шамамен 8,2 миллиард долларды немесе 13,7 пайызды құрады. Есепті кезеңде алтын-валюта резервтері 16,3 миллиард долларға немесе 36 пайызға ұлғайып, 62,1 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі биыл қаңтар-қараша айларында 2,6 триллион теңгеге немесе 11,7 пайызға артып, 25 триллион теңге болды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаппай цифрландыру барысы және Ұлттық банктің цифрлық жобалары жөнінде баяндалды. Соның ішінде Антифрод орталықтың жұмысына, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымдарын технологиялық тұрғыдан жүзеге асыруға мән берілді.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк баға тұрақтылығын сақтап, инфляцияны орташа 5 пайыздық межеде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда.
Кездесу соңында Президент инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 12:48 18606
Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі, Чех Республикасындағы, Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті елшілер бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, олҚазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
Ақан Ақасұлы РахметуллинҚазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің БасшысыРоман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 12:05 1
2026 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық: Олжас Бектенов әкімдерге суды көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқарту арқылы егіс құрылымын әртараптандыруды тапсырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Үкімет отырысында алдағы вегетациялық кезеңде еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Олжас Бектенов су тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға баса назар аударылды.
Премьер-министр басты міндет суды көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқарту және су үнемдеу технологияларын енгізу екенін атап өтті. Өңір әкімдіктері мен уәкілетті мемлекеттік органдар егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикаторлардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Су ресурстары министрлігі бекітілген лимиттерден тыс су беру жағдайларының алдын алуы тиіс.
Су ресурстары министрлігі бекітілген лимиттерден тыс су беру жағдайларының алдын алсын. Бұл өзекті мәселе, мен қайталап айтамын. Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру жөнінде тиісті кесте бекітті, алдағы уақытта барлық жұмыс осы кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Мысалы, егер бір шаруашылықта 100 гектар болу керек десек, ертең 1 гектардан артық егілсе, біз оған бір тамшы су бермейміз. Егер ертең Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен көрсеткіштерді бұзып, диқандар шығынға ұшыраса, бір тиыны да бюджеттен өтелмейді. Мұны халыққа ашық жеткізу керек", - деді Олжас Бектенов.
Аталған мәселе Премьер-министр тікелей бақылауында.
Облыс әкімдеріне 2026 жылғы вегетациялық маусымға дайындық аясында коммуналдық меншіктегі гидротехникалық нысандар мен ирригациялық каналдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Сондай-ақ 2026 жылдың шілдесінде Шардара топтық су құбырының құрылысы аяқталады, бұл қала тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған мәселе Премьер-министрдің бақылауында.
Су ресурстары және ирригация министрлігіне, шекара маңындағы өңірлердің әкімдіктеріне қажетті су көлемінің дер кезінде келуін қамтамасыз ету үшін көршілес мемлекеттермен тығыз жұмыс жүргізу тапсырылды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев еліміздің оңтүстік өңірлері бойынша су тапшы кезеңнің жалғасып жатқаны расталғанын: Шардара су қоймасына су келуі 43%-ға, Нарын - Сырдария каскадындағы су көлемі 3,8 млрд м3 төмендегенін баяндады. 2026 жылғы вегетациялық кезеңге болжамды су келуі 1-2 млрд м3 деп бағаланып отыр, бұл 1 млрд м3 дейін тапшылық қаупін тудырады.
Жамбыл облысында су қоймалары тек 41%-ға толды. 2025 жылы ылғалсүйгіш дақылдарды қысқарту жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер орындалмады: күріш пен мақта дақылдары жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. Сонымен қатар су үнемдеу технологиялары қолданылатын жер көлемі 543,5 мың гектарға жетті, жыл сайынғы өсім шамамен 150 мың гектарды құрайды. 2026-2028 жылдарға арналған бюджетте суды үнемдеуді қолдауға 228,1 млрд теңге қарастырылған.
Бұған дейін, 2025 жылдың шілде айында Премьер-министр оңтүстік өңірлердің әкімдеріне егінге қажетті судың ұтымды пайдаланылуына қатаң бақылауды қамтамасыз етуді, ылғалды көп қажет ететін дақылдардың рұқсатсыз егілуіне жол бермеуді және халықты сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін алдын ала шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Тексеру қорытындысы бойынша ылғалсүйгіш дақылдарды рұқсатсыз егуге жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 11:39 24501
Жеңіс мұражайында қазақстандық жауынгерлердің сүйектері тапсырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Поклонная тауындағы Жеңіс мұражайында Псков облысындағы іздестірушілер тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектері тапсырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қаза болған жауынгерлер Қызылорда облысының тумасы Байбұл Рахметов (1917 жылы туған) және Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Мұсахан Қалмұрзаев (1921 жылы туған) екені анықталды. Әдетте, қаза тапқандардың жеке басы сарбаздардың медальондары бойынша анықталады, ал бұл жерде ерекше жағдай орын алған, екі жауынгер де сақталып қалған наградалары бойынша анықталған.
Танк зеңбірекшісі Байбұл Рахметов "Ерлігі үшін" ("За отвагу") медалімен және "Қызыл жұлдыз" ордені бойынша танылған. Аталған орденмен ол немістің "Тигр" танкісін атып қиратқаны үшін марапатталған екен.
Мұсахан Қалмұрзаев шаңғы батальонының автоматшысы болған. Бұл бөлімшелер жаудың сыртынан жауынгерлік міндеттерді орындап, ұрыс барысын өзгертуге немесе дағдарысты жоюға ықпал еткен. Жауынгер "Ерлігі үшін" ("За отвагу") медалі бойынша танылған.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Псков іздестіру жасақтарына осындай маңызды және ізгі қызметтері үшін ризашылығын білдірді. Ол Псковты азат ету кезінде жүздеген қазақстандықтардың қаза тапқанын еске салды. "Ол кезде адамдар дін немесе ұлт бойынша бөлінбеді, өйткені бәрінің мақсаты бір болды, ол - Отан және болашақ ұрпақтың бақытты өмірі үшін күресу. Бүгінде қаза тапқан батырларды еске алу біз үшін өсиет және жаңа ұрпақ азаматтарын тәрбиелеу үшін үлгі болып қалуы тиіс", - деп атап өтті Елші.
Елшінің сөзін "Обелиск" отрядының іздеушісі Дмитрий Иванов қолдады. "Шынында да, ол кезде ешкім ешкімді ұлты бойынша бөлмеген. Олар бір жұдырықтай жұмылып, ортақ Отан үшін өз өмірлерін қиды. Олар туралы естелік - халықтарды, мемлекеттерді, ұрпақтарды байланыстыратын асыл мұра", - деп атап өтті ол.
Мәскеуге арнайы келген Байбұл Рахметовтың туысы - Хасен Рахметов іздеушілерге жауынгерлердің қайта оралған есімі мен тарихи естелік үшін ризашылығын білдіріп, Ресей халқына бейбітшілік, амандық, бақыт және сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында қаза тапқан жауынгерлерге арналып бір минут үнсіздік жарияланып, мұсылмандарды еске алу рәсімі жасалды. Жақын арада жауынгерлердің сүйектері әскери құрметпен жерлеу үшін Отанына жеткізілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 09:02 1
Үкімет ЖЖМ нарығын бақылауды күшейтуде
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен мұнай өнімдері нарығындағы жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру мәселелеріне арналған кезекті кеңес өтті. Қатысушылар бақылау механизмдерін жақсарту бойынша ағымдағы нәтижелер мен қосымша қадамдарды талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кеңесте Роман Скляр ішкі нарық ЖЖМ қажетті көлемімен тұрақты қамтамасыз етілгенін, мұнай өңдеу зауттары және логистика жұмысы штаттық режимде жүріп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар көрші елдермен жанар-жағармай бағасының айтарлықтай айырмашылығын ескере отырып, отынды елден заңсыз әкетуге жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жалғасады. Жауапты органдарға профилактикалық және бақылау іс-шараларын жоспарлы түрде жалғастыру тапсырылды.
Үкімет шекарада және ел ішінде өзара іс-қимылдың жедел тетіктерін жетілдіру жөніндегі міндеттерді нақтылады. ІІМ, ҚММ, кедендік және шекаралық бөлімшелер арасындағы үйлестіру жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, бұзушылықтардың алдын алу және нарықтағы тәртіпті арттыру үшін күшейтіледі.
Сондай-ақ Энергетика министрлігіне секторды цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды. Мұнай базаларын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және нақты уақыт режимінде деректерді беру негізгі бағыттардың бірі болып қала береді. Заңнамаға дайындалған түзетулер салаға қойылатын заманауи талаптарды бекітуге және мұнай өнімдерін есепке алудың бірыңғай стандартын қамтамасыз етуге арналған.
Роман Скляр Үкімет ЖЖМ нарығының ашықтығы мен тұрақтылығын, сондай-ақ ішкі нарықты уақтылы қамтамасыз етуді дәйекті түрде қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылады.
Қорытындылай келе, Премьер-министрдің бірінші орынбасары мұнай өнімдері нарығының тұрақтылығы, оның ашықтығын бақылау және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдық болып қала беретінін атап өтті. Мемлекеттік органдар бұдан әрі МӨЗ-ден іске асырудың соңғы нүктесіне дейін ЖЖМ қозғалысының толық мониторингін жүзеге асырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 19:24 25156
Президент алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заңды мақұлдады
Достарға айту
Ақорда Президенттің алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заңға қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Inform.kz.
- Мемлекет басшысы "2026 - 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген құжатта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сенаторлар республикалық бюджет жобасына 76 түзету енгізді.
Өңірлерге арналған субвенциялар көлемі 17,5 млрд теңгеге ұлғайтылды. Бұған қоса, 2026 жылы өңірлерді дамытуға 28,5 млрд теңге бағытталады. Бұл қаражат жылу және электр энергетикасы, газбен жабдықтау, жағалауды нығайту жұмыстары және басқа да бағыттарды қамтиды.
Қосымша қаржыландыру көздерінің қатарында Үкіметтің резерві және қарызды өтеу шығындары есебінен босатылған қаражат көрсетілген. Сонымен қатар 79 млрд теңге мемлекеттік органдар арасында, ал 73,4 млрд теңге бір ведомствоның бюджет бағдарламалары ішінде қайта бөлінді.
2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы заңға сәйкес, жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамы төмендегідей:
- 10,7 трлн теңге - 2026 жылы,
- 12,1 трлн теңге - 2027 жылы,
- 13,3 трлн теңге - 2028 жылы.
Шығыстар деңгейі тиісінше 14,9 трлн, 17,3 трлн және 18,7 трлн теңге көлемінде болжануда.
Трансферттерді есептеу кезінде Үкімет мақсатты сипаттағы ағымдағы трансферттерді, сондай-ақ АӨК-ті субсидиялауға, су үнемдеу технологияларын енгізуге, жаңа нысандарды ұстауға және басқа да бағыттарға арналған қаражатты ескерген. Олардың көлемі:
- 1,5 трлн теңге - 2026 жылы,
- 1,6 трлн теңге - 2027 жылы,
- 1,7 трлн теңге - 2028 жылы.
2026 жылға арналған субвенциялар 5,2 трлн теңге, ал алынатын қаражат 879,9 млрд теңге мөлшерінде белгіленді.
Үкіметтің бағалауынша, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджеттен трансферттерге тәуелділігі 50,7%-дан 33%-ға дейін төмендейді.
Республикалық бюджеттің болжамды түсімдері 2026 жылы 19,2 трлн теңгені (ЖІӨ-ге шаққанда 10,5%) құрайды, ал 2028 жылы 23,2 трлн теңгеге (20,8%) дейін өседі. Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2,77 трлн теңге көлемінде белгіленген, ол мұнайдың шекті бағасына негізделген лимиттер аясында айқындалған.
Республикалық бюджет шығыстары мынадай көлемде айқындалды:
- 27,7 трлн теңге - 2026 жылы (ЖІӨ-ге шаққанда 15,1%),
- 28,8 трлн теңге - 2027 жылы (14%),
- 29,8 трлн теңге - 2028 жылы (13%).
Барлық параметрлер бюджет ережелерін ескере отырып қалыптастырылған.
Сонымен қатар Президент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға қол қойды.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-aldagi-ush-zhilga-arnalgan-byudzhet-turali-zandi-makuldadi-f73b2e/
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 18:15 25566
Алматыда кезекті көлік жуу нысаны бұзылып жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Сот шешіміне сәйкес бүгін Жұмабаев көшесі, 12 мекенжайында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсететін көлік жуу нысаны бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жеке тұлғаға тиесілі екені және тиісті құжатсыз салынғаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде нысан иесіне әкімшілік шара қолданылып, ғимаратты сүру туралы нұсқама берілді.
Қазіргі уақытта нұсқама талаптарына сәйкес, меншік иесі нысанды өз күшімен бұзып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 15:07 59201
Қазақстанда балалар ұйымдарында санитариялық мемлекеттік бақылау қағидалары өзгеруде
Достарға айту
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мектептерде, балабақшаларда, лагерьлерде және балаларға арналған басқа да ұйымдарда бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Басты мақсат - әр бала үшін қауіпсіз, сау және жайлы орта, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Не өзгереді: Жоспарлы тексерулер енді екі санат бойынша жүргізіледі. Жоғары қауіп - кем дегенде жарты жылда бір рет тексеру. Төмен қауіп - жылына бір реттен артық емес7
Бұл ретте, тексерілетін объектілердің тізімдері ата-аналар мен қоғам қандай мекемелердің бақылаудан өтіп жатқанын көруі үшін ашық жарияланатын болады.
Объектілерге барумен мониторинг: Бақылаудың жаңа форматы бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Мектептердің оқу жылына, лагерьлердің жазғы маусымға және медициналық мекемелердің эпидемиялық сынақтарға дайындығын бағалау үшін Мемлекет басшысының, Үкіметтің және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмалары бойынша тексерулер жүргізіледі.
Ең маңыздысы: алғашқы тексеруде айыппұлдар қолданылмайды - ұйымдар бұзушылықтарды түзетуге мүмкіндік алады.
Сондай-ақ санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтілетін болады, атап айтқанда, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер жүйелі бұзушылықтарды жоюды талап ете алады, нұсқамаларды жергілікті және мемлекеттік органдарға жібере алады және қауіпсіздік стандарттарын арттыруда мекемелерге қолдау көрсете алады.
Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң бала құқықтарын қорғауды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын күшейтеді және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда бақылауды жетілдіреді.
Қазіргі уақытта заңның толық орындалуын қамтамасыз ететін заңға тәуелді актілер әзірленуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.12.2025, 10:54Астана Опера мен Масқат Корольдік опера театры мәдени ынтымақтастықты нығайтуда
05.12.2025, 22:59 98711Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті05.12.2025, 16:59 93081Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды05.12.2025, 21:56 89576АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады05.12.2025, 20:48 89326Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда05.12.2025, 19:42 84781Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында
13.11.2025, 17:40 176866Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175541Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 152076Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146606Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146241Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

