07.03.2022, 17:35 28426

Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын мұқият бақылайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр.
НҰР-СҰЛТАН. 7 НАУРЫЗ - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Президенті Баспасөз қызметінің ресми Telegram-каналының қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұл ба.ғыттағы жұмыстарды оң бағалады.

Әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілді. Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін Президентке алғыс айтып жатыр", - деп ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.


Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. 

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды", - деп хаттамада айтылған.


ҚР Украинадағы елшілігінде хабарлағандай, 2022 жылғы 6 және 7 наурызда елшілік Киевтен 31 адамның қауіпсіз шығуын қамтамасыз етті. Айта кету керек, азаматтардың бір бөлігі Львовта қалады, Отанына ұшқысы келетіндер поляк Катовицасына барады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны