08.04.2022, 16:02 40041

Рахметуллин ҚР СІМ басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
НҰР-СҰЛТАН. 8 СӘУІР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының Өкімімен Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
 
Сондай-ақ, Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны