26.05.2022, 18:14 29956

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережесі бекітілді

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережесі бекітілді
НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы" бұйрығы қабылданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұйрық 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Бұйрықпен үй жануарларын есепке алу қағидалары және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесі бекітілді.
 
Есепке алынуға тиіс үй жануарлары, тізбесіне енгізілген, жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығымен және өзге де заттық құқықтармен тиесілі, оның ішінде жануарларға арналған панажайлардағы, жануарларды уақытша ұстау пункттеріндегі, жануарларға арналған оңалту орталықтарындағы, зоологиялық питомниктердегі үй жануарлары міндетті есепке алынуға, жануар иесі ауысқан жағдайда үй жануарларын есепке алу қағидаларында көзделген деректер базасында міндетті қайта есепке алынуға жатады (оқиғалар):
 
1) үй жануарының тууы;
 
2) үй жануарының импорты;
 
3) қараусыз (таңбаланған) үй жануарының табылуы;
 
4) үй жануарын белгілеу;
 
5) үй жануарын жансыздандыру;
 
6) үй жануарының өлімі;
 
7) үй жануарының жоғалуы;
 
8) клиникалық тексеру нәтижелері бойынша ауру белгілерін анықтау;
 
9) ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар (вакцинация, сынама алу, паразиттерге қарсы өңдеу, аллергиялық зерттеулер, зертханалық зерттеулер);
 
10) үй жануарын көшіру (ұстау орнынан үй жануары тіркелген географиялық деректерге бекіту және басқа ұстау орнына бекіту);
 
11) үй жануары иесінің өзгеруі;
 
12) үй жануарлары карантині;
 
13) үй жануарын өзге де ауыртпалық салуы.
 
Үй жануарларын есепке алу рәсімі мыналарды қамтиды:
 
1) иеленуші және (немесе) жауапты тұлға деректер базасында оқиғаларды тіркеу үшін тіркеушіге электрондық түрде өтінім береді;
 
2) үй жануары иесінің және (немесе) жауапты адамның тіркеушіге үй жануарлары туралы деректерін беруі;
 
3) үй жануарының жалпы денсаулық жағдайын көзбен қарап тексеру және тіркеушіге белгіленген есепке алу бұйымдарының (құралдарының) бар-жоғын тексеру;
 
4) деректер базасында үй жануарына тұқымдық сипаттамалар беру;
 
5) тіркеушілердің есепке алу бұйымдарын (құралдарын) орнатуы;
 
6) мәліметтерді деректер базасына енгізу;
 
7) деректер базасында үй жануарына жеке нөмір беру.
 
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны