24.08.2022, 16:44 33861

Сенат депутаттарын жаңа үш облыстан сайлаудың алдын ала нәтижелері жария етілді

Парламент Сенатының депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізілді.
Сенат депутаттарын жаңа үш облыстан сайлаудың алдын ала нәтижелері жария етілді
НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарынан ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ОСК деректеріне сәйкес, Ұлытау облысынан Ұлытау ауданының әкімі - Советбек Медебаев және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары - Серік Шайдаров таңдалды.
 
Жетісу облысынан – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің деканы қызметін атқарып жүрген Аманкелді Толамисов пен Кербұлақ ауданының әкімі - Ғалиасқар Сарыбаев.
 
Абай облысынан - Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов пен "Қайнар" жоғары колледжі" ЖШС директоры Айнұр Арғынбекова.
 
Еске сала кетейік, Сенат депутаттарын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны