24.08.2022, 16:13 21286

Қазақстанда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттарын сайлау өтуде

Қазақстанда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттарын сайлау өтуде
НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - 2022 жылғы 24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сенат депутаттарын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізілді, отырыс сағат 11.00-де (елорда уақытымен) басталды", - деп хабарлады ҚР ОСК.

 
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-де (елорда уақытымен) басталды.
 
Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр. Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаттары енгізілген. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 11 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды. 
 

Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сәйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін", - делінген құжатта. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны