07.09.2022, 15:18 11396

Марат Бәшімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды

Бұған дейін бұл қызметті "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Қыдырәлі атқарған.
Марат Бәшімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Сурет: el.kz
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында кеңес төрағасы қайта сайланды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұған дейін бұл қызметті "Егемен Қазақстан"республикалық газеті" АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Қыдырәлі атқарып, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты өкілеттігін тоқтатқан болатын", - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

 
Сонымен қатар, Марат Бәшімов кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары болып табылады.
 
Өз кезегінде Қоғамдық кеңестің жаңадан тағайындалған төрағасы әріптестеріне сенім білдіргендері үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін хабарлады.
 
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жемқорлыққа қарсы күрестен тыс қалмауға және жемқорлықтың барлық белгілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарлауға шақырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны