17.10.2022, 15:44 15206
Ауыл шаруашылығы жануарлары аварияларды болдырмау үшін жарық шағылыстыратын бояумен таңбаланатын болады
Достарға айту
Астана. 17 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Елімізде республикалық автожолдардың жанында тұратын үй жануарларының иелері жарық шағылыстырғыш ленталармен, сондай-ақ жарық шағылыстырғыш аэрозольмен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 300-ден астам авариялық-қауіпті учаске бар. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі - үй жануарларының жол бойына шығып кетуі.
Осыған байланысты, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының авариялық-қауіпті учаскелеріндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында қосымша іс-шараларды қолға алынды. Осылайша үй жануарларының иелері (республикалық автожолдардың жанында тұратын) жарық шағылыстырғыш ленталармен, сондай-ақ жарық шағылыстырғыш аэрозольмен қамтамасыз етіледі. Республикалық трассалардың авариялық-қауіпті учаскелерінде шу жолақтарының санын ұлғайту жоспарлануда. Қосымша стробоскоптар мен торлы қоршаулар орнатылады. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары одан әрі жалғасады", - деп хабарлады министрлік.
Жоғарыда аталған шаралар жыл сайын республикалық трассаларды күтіп-ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Бұған дейін Түркістан облысында жылқылардың қатысуымен болған ЖКО салдарынан екі адам зардап шеккені хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.10.2024, 18:17 19031
Қазақстан мен Австрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады
Достарға айту
Қазақстан мен Австрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Австриядағы елшілігінің өкілдері Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Австрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.10.2024, 18:15 19286
Еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды
Достарға айту
Еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың алғашқы қары түсті. Осыған орай өңір жолшылары республикалық автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына кірісті.
Жолшылар қар жамылғысын тазарту және жол бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстарын жүргізуде.
Республикалық маңызы бар:
А - 16 "Жезқазған - Петропавл";
А - 21 "Мамлютка - Қостанай";
А - 1 "Астана - Петропавл";
Р-67 "Петерфельд - Архангелька - Новокаменка - А16";
М-51 "Челябинск - Новосибирск";
Р-49 "Петропавл қаласының айналма жолы";
А-12 "Петропавл - Соколовка - Ресей Федерациясының шекарасы"
жолдарында қысқы күтіп-ұстау жұмыстары атқарылуда.
Жоғарыда аталған учаскелерде 35 бірлік техника: 30 КДМ, 2 ЗИЛ, 2 автогрейдер және 1 МТЗ тракторы жұмылдырылды. Қар мен желге қарамастан жұмыстар жалғасып жатыр.
Республикалық маңызы бар жолдарды қолданушылар қыс мезгілінде алыс сапарға аттанарда көлікті әбден дайындауы қажет. Күн райының бұзылуы мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты жазғы автомобиль шиналарын қысқы шиналарға ауыстыру маңызды. Алыс сапарға аттанар алдында көліктің техникалық жай-күйін және жанармай мөлшерін тексеру керек. Ауа-райы күрт нашарлағанда жол қозғалысы ережелерін қатаң түрде сақтаған абзал. Көлікте қалың киім мен медициналық алғашқы көмек қорапшасы болуы керек. Ауа-райы болжамын жіті қадағалап, дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдау қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.10.2024, 18:13 19571
Атырау қаласында Теңіз кен орнындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселесі талқыланды
Достарға айту
Атырау қаласында Теңіз кен орнындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
11 қазанда Атырауда мұнай-газ секторындағы отандық тауарлардың үлесін арттыруға арналған "KazService" және "Теңізшевройл" ЖШС ұйымдастырған семинары өтті. Іс-шараға энергетика вице-министрі Қ.Арымбек қатысты.
Іс-шараға Атырау облысының әкімі С.Шапкенов, "Теңізшевройл" ЖШС, "Атамекен" ҰКП басшылығы, сондай-ақ 50-ден астам отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілердің өкілдері қатысты.
Семинар жергілікті қамтуды дамытуға және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілерді, сондай-ақ ТШО тарапынан сатып алынатын тауарларды және өнімдердің сапасына қойылатын талаптарды көрсету арқылы жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді қолдауға бағытталған.
Вице-министр Қ. Арымбек Энергетика министрлігінің және ТШО елішілік құндылықты дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, оның ішінде қазақстандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілерді Теңіз жобасын сатып алуға тарту бөлігінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықты дамыту Бағдарламасын және тауарларды сатып алудың тендерлік рәсімдерін қайта қарау арқылы атқарылып жатқан жұмысы туралы баяндама жасады. Бағдарлама нақты көрсеткіштерді бекітуге және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған.
Бұл іс-шара мұнай-газ секторының ірі жер қойнауын пайдаланушыларын сатып алудағы қазақстандық қамтуды ұлғайту және отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді қолдау жөніндегі Үкімет жұмысындағы кезекті қадам болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.10.2024, 17:57 19891
Атырауда жаңа Салық кодексінің жобасындағы негізгі өзгерістер талқыланды
Достарға айту
ҚР Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексіндегі нормаларды талқылау мақсатында өңірлерде бизнес өкілдерімен кездесулерді өткізуді жалғастырып келеді. Бұл жолы Қаржы министрі Мәди Такиев бастаған делегация Атырау облысына болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған өңір кездейсоқ таңдалған жоқ. Неге десеңіз, 2023 жылы еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 24% Атырау облысына тиесілі болды. Сонымен қатар өңір инвестиция тарту бойынша республикалық рейтингте көшбасшы орынға ие.
Облыс орталығында өткен кездесуге халықаралық және отандық мұнай компанияларының өкілдері мен Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының кәсіпкерлері қатысып, оның барысында мұнай саласына салық салу мәселесі пысықталды. Бұл орайда Қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин және ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Жаныбек Нұржанов Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан Салық кодексіндегі жаңашылдықтар туралы айтып берді. Кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев та қатысқанын айта кетейік.
Мұнай саласы бюджет түсімдерінің едәуір үлесін қамтамасыз ете отырған ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болып саналады және солай болып қала беретіні күмәнсіз. Біздің мақсатымыз - барлық тараптың: мемлекеттің, бизнестің және тұтастай қоғамның мүдделерін ескеретін салық салу жүйесін құру. Алдымызда саланың орнықты дамуына ықпал ететін, инвестицияларды ынталандырып, инновациялық технологияларды енгізетін тиімді және әділ салық жүйесін құру бойынша міндеттер тұр", деді Мәди Төкешұлы.
Ведомство басшысы жаңа Салық кодексінің жобасында салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер саны азаятынын атап өтті. Маңызды фискалды қайтарымсыз төлемдерді алып тастау және олардың кейбірін біріктіру жоспарланған. Жүйелік шаралар ретінде салықтық жеңілдіктер ұғымын нақты реттеу ұсынылып отыр.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жаңа өндірістерге инвестицияларды ынталандырумен қатар Салық кодексінің жобасы ескі сарқылып жатқан кен орындарындағы өндірісті қолдауға бағытталғанын айтты.
Мұнай-газ және тау-кен салалары бюджет кірістерінің көп бөлігін қамтамасыз ететінін ескере отырып, жаңа шаралар бюджетке түсетін түсімдерді, сондай-ақ жұмыс орындарын тұрақты ұстауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс істеп тұрған немесе жаңа кен орындарын барлау әлеуеті бар өңірлерді дамыту үшін маңызды", деді вице-министр.
Ал Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жаныбек Нұржановтың айтуынша, жаңа Салық кодексінде жоспарлы тексерулерді жүргізу тәртібі өзгертілді. Мұндай іс-шараларды тағайындау салық төлеушінің қызметін талдау қорытындылары бойынша жүргізілетін болады. Сонымен қатар тексерулер электронды форматқа ауыстырылады.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың стратегиялық маңыздылығы туралы айтылғаны белгілі. Сондықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және ашықтықты қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі салық саласындағы процестерді электронды форматқа көшіруді жеделдетуді қолға алды", деп қорытындылады Мәди Такиев.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар тек нәтижелі диалог қана жаңа Салық кодексінің жобасына салық салу мен мұнай-газ саласын әкімшілендіру бойынша тиімді тәсілдерді енгізуге мүмкіндік беретінін түсінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.10.2024, 17:53 20126
Вице-премьер Серік Жұманғаринге "Дустлик" ордені табысталды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның аграрлық саладағы ынтымақтастығының алдағы жобаларын талқылап, бидай, күріш және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын терең өңдейтін бірлескен өндірістер құруға баса назар аударды. Кездесуге қатысушылар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен белсенді қарқынын, сондай-ақ бизнес тараптарының түрлі бағыттағы бірлескен әрекеттерін жоғары бағалады.
Өзбекстан басшысының атынан Бахтиёр Ибрагимов Серік Жұманғаринге "Дустлик" орденін табыстады. 2024 жылдың тамыз айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлерін "Дустлик" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойып, олардың Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара құрмет, сенім және стратегиялық серіктестік қатынастарын жаңа деңгейге көтерудегі жеке үлестерін атап өткені белгілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.10.2024, 17:48 20316
Тоқаев "Дәуірлер мен өркениеттер байланысы - бейбітшілік пен дамудың негізі" атты халықаралық форумда сөз сөйледі
Достарға айту
Мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапары аясында түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай өткен "Дәуірлер мен өркениеттер байланысы - бейбітшілік пен дамудың негізі" атты халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент өз сөзінде Мақтымқұлының күллі шығыс жұртына ортақ ұлы ойшыл, түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаған бірегей тұлға екенін атап өтті.
Мақтымқұлы Пырағы - әлем руханиятында орны бар тарихи тұлға. Сондықтан ЮНЕСКО ақын мұраларын "Әлем жады" атты халықаралық тізімге енгізген. Ал ТҮРКСОЙ ұйымы осы жылды "Түркі әлемінің ұлы ақыны әрі ойшылы Мақтымқұлы Пырағы жылы" деп жариялады. Бұл - барша түркі жұртының ерекше сый-құрметі екені сөзсіз. Ұйымның шешімі ақын шығармаларын халықаралық деңгейде танытуға септігін тигізеді деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, әлемде геосаяси ахуал ушығып, түрлі жаһандық сын-қатерлер пайда болып жатқан күрделі кезеңде ұлы ойшылдың рухани мұрасы айрықша өзекті бола түсті.
Мақтымқұлы поэзиясы терең гуманистік ойларға толы. Ақын өз шығармаларында бейбітшілік, өзара сенім мен құрмет сияқты мызғымас құндылықтарды дәріптейді. Оның әр туындысында Отанға деген шексіз сүйіспеншілік бар. Мақтымқұлы халықты басқа елдермен, яғни күллі әлеммен ынтымақта өмір сүруге шақырды. Мұны жарқын болашақтың кепілі деп түсінді", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Түрікменстан ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізіп, қарқынды даму жолына түскеніне назар аударды. Сонымен қатар бұл шаралар сан ғасырлық тарихы бар түрікмен мемлекеттілігін нығайта түсетініне сенім білдірді.
Келесі жылы Түрікменстан тұрақты бейтараптық саясатының отыз жылдығын атап өтеді. Бауырлас жұрт осы қағидатты берік ұстанып отыр. Ұлттық бірегейлігін сақтап, елдік мүддесін қорғап келеді. Осы табанды саясатының арқасында Түрікменстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделі арта түсті. Бейтарап Түрікменстан әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға мол үлес қосуда. Сондай-ақ Орталық Азия және Каспий аймағында көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуде. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2025 жылды Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы деп жариялады. Бұл игі бастаманы Түрікменстан елі көтерді. Мақтымқұлы түрікмен жұртының іргелі ел болуын аңсап өтті. Бүгінде ұлы бабаның арманы ақиқатқа айналды. Түрікменстан өсіп-өркендеген мықты мемлекет болып отыр", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараларға тоқталып, бұл бастамалар ұлы ойшылдың мұрасын жан-жақты насихаттауға жол ашатынын және мәдени дипломатияны дамыта түсетінін жеткізді. Әсіресе, Астанада бой көтерген Мақтымқұлының ескерткішін екі ел арасындағы мызғымас достық пен тату көршіліктің символы деп бағалады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы кеше Түрікменстанға ресми сапары аясында Ашхабадта қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылғанын атап өтіп, Абай мен Мақтымқұлы туындыларында өзара үндестік пен үйлесім бар екенін айтты.
Олардың рухани мұрасы екі елдің сан қырлы мәдениетін байытып, барша адамзаттың ортақ құндылығына айналды. Қазақ-түрікмен халықтарының тамыры - бір, тарихы - ортақ. Достығымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі бар. Осы мызғымас құндылықтардың негізінде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық белсенді дамуда. Мұның бәрі қазақ-түрікмен қатынастарын одан әрі нығайта түсері сөзсіз", - деді Президент.
Сонымен қатар форумда Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари, Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш сөз сөйледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.10.2024, 17:42 20631
Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының м.у.а. қызметіне тағайындалды
Достарға айту
Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. Айзада Құрманова музейге арнайы келіп, Берік Әбдіғалиұлын музей ұжымына таныстырды.
Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "Тарих және қоғамтану оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.
- 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;
- 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;
- 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
- 2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.10.2024, 17:30 21281
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы тарихи құжаттың көшірмесін жарыққа шығарды
Достарға айту
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы "Архив-2025" бағдарламасы аясында Ресей Ұлттық кітапханасынан табылған құнды қолжазбаның көшірмесін жарыққа шығарды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық орталық мамандары 2022 жылы Мәскеуге жасаған ғылыми-зерттеу сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты деректері бар XVII ғасырдың парсы тіліндегі "Тарих" қолжазбасын зерттеді.
Кітап Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген.
Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) - Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.10.2024, 17:29Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қойылатын талаптар күшейтіледі 09.10.2024, 17:27 60216Қазақстан Президенті мен Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының басшысы бірлескен көпжақты жобаларды іске асыруды талқылады08.10.2024, 17:13 58916Астанада "Elorda zhastary" бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері белгілі болды08.10.2024, 17:27 58911Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысы өтті08.10.2024, 17:16 58901Күзде 20 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады
26.09.2024, 18:14 100556Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 96041«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 94761Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 17:57 90341Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді04.10.2024, 16:46 88341Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады