22.10.2022, 14:20 30866

Тоқаев Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды

Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана. 22 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
 
1) Жайлыбай Ғалымға, ақын – "Ай таңбалы арғымақ" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
 
2) Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – "Жібек" мюзиклі үшін;
 
3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – "Жүрегім нені сезесің?" концерті үшін;
 
4) Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – "Желқайық" романы үшін;
 
5) Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – "Тағдыр толқыны" романы үшін;
 
6) Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – "Үш арыс" мүсіндік композициясы үшін;
 
7) Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – "Тәтті мұң" ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.
 
Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Бұған дейін Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны