03.04.2023, 09:51 31281

Алматы мен Самарқанд арасында тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілді

Рейстер аптасына екі рет, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады
Алматы мен Самарқанд арасында тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілді
Сурет: Depositphotos
Алматы. 3 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ағымдағы жылғы 18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Рейстерді "FlyArystan" компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) А-320 типті әуе кемелерінде орындайды.
 

Бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп атап өтті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін Тегераннан Ақтауға чартерлік рейстің іске қосылуы туралы хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны