27.04.2023, 11:03 76506
Тоқаев: Еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Азаматтық бірегейлікті нығайтудың арқасында өткен сайлау науқандары этникалық немесе басқа да тар артықшылықтарсыз, архаикалық стереотиптерсіз болды
Астана. 27 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясының отырысы басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Біз "бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды" дейміз. Әрине, бұл - дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл - мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі. Мен бұған дейін де айттым: еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Бұл жалаң ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек", - деді Қазақстан Президенті.
Ол халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін білетінін атап өтті. Бұл - небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар.
Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл - теңдессіз жетістік!" - деді Президент.
Мемлкет басшысы әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек екенін атап өтті. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Оның айтуынша, біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек.
Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде "Ассамблеяның қажеті жоқ" деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея - мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт. Қазақстан халқы Ассамблеясы - бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.12.2023, 13:37 2551
Үкімет шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптарын бекітті
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Достарға айту
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шет мемелекеттерде тіркелген көліктерді Қазақстанға әкелу және оларды пайдалану талаптарын бекітті, деп хабарлайды Кazinform.
Премьер-министр қол қойған Қаулы primeminister.kz сайтында жарияланды.
Құжатқа қоса ұсынылған қосымшада:
басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіру (әкеліну) тәртібі мен талаптары;
басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптары жазылған.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, биылғы 23 қаңтар - 1 шілде аралығында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін заңсыз әкелінген көліктер заңдастырылды. Нәтижесінде 220 мыңнан астам автокөлік тіркелді.
Ал 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктер заңның барлық талаптарына сай, жеңілдіксіз тіркеуге жатады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.12.2023, 13:29 2771
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын "EXPO-2030" халықаралық көрмесін Рияд қаласында өткізуге қатысты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөзқызметінен.
Еліңіздің айтулы шараны өткізуші ретінде таңдалуы Корольдіктің жаһандық деңгейдегі мәртебесін, сондай-ақ саудтықтардың қажырлы ұмтылысы мен мемлекет басшылығының жігерлі табандылығын тағы да дәлелдейді. Шығанақ өңіріндегі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі Сауд Арабиясымен тығыз ынтымақтастығымыздың жылдан-жылға нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымызды халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамыта түсетінімізге кәміл сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 14:45 21766
ІІМ мен ЦДИАӨМ полиция қызметін цифрландыру мәселесін талқылады
Күнделікті полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану - Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі
Достарға айту
Атап айтқанда, цифрлық даму министріне халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, цифрлық технологияларды қолдана отырып жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық орындарда бейнебақылауды күшейту саласында қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екі ведомствоның басшылары еліміздің пенитенциарлық мекемелерін толық бейнебақылаумен қамту және мектептерде орнатылған бейнекамераларды полицияның жедел басқару орталықтарына қосу жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында министрліктердің өзара іс-қимылы жөніндегі мәселелерді талқылады.
Қазақстанда цифрландыру қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметтер онлайн-форматқа ауыстырылды. Азаматтар жаңа техникалық шешімдерді еркін пайдаланады. Сондықтан біздің міндетіміз - цифрландыру арқылы "адами факторлардан" арылу", - деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Жаңа шешімдер құқық тәртібін қорғау, жол қауіпсіздігін сақтау, қылмыстарды ашу бойынша жұмыстарға енгізілуде. Мысалы, жыл сайын жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу бойынша қызметтерді алу үшін 3 млн-ға жуық азамат полиция органдарына жүгінеді. Сондықтан біз бір орында тұрмай, бұл бағыттағы жұмысты жетілдіруіміз керек", - деді ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Айта кету керек, күнделікті полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану - Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл жұмыс бірінші кезекте азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға, қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 14:39 22296
Төмен материалдық-техникалық қамтамасыз ету және төмен жалақы: Үкімет ветеринария мәселелерін талқылады
Өзін-өзі басқаратын кәсіби ұйым ретінде арнайы ветеринарлық орган құру ұсынылады
Достарға айту
Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте ветеринария саласының мәселелері мен перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ветеринария саласындағы төмен материалдық-техникалық қамтамасыз ету және төмен жалақы мал шаруашылығын дамытуға елеулі кедергі келтіреді. Еліміздегі ет өндіру көлемі халықтың қажеттілігін іс жүзінде толық өтеп отыр. Сиыр еті өндірісін әрі қарай арзандату тек экспорттық нарықтарды ашу арқылы мүмкін болмақ. Кеңесте саланың жай-күйі туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин айтып берді.
Вице-министрдің деректері бойынша Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне 68 ауру түрі енгізілген, олардың 45-і бойынша ахуал тұрақты, 23 ауру бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүріп жатыр.
Елдің эпизоотиялық жағдайына әсер ететін факторлардың бірі - малдың толық және нақты есебі. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің қолданыстағы ақпараттық жүйесі бұрын көп сынға ұшыраған. Бүгінгі таңда жүйедегі қателерді жою және процестерді басқа ақпараттық жүйелермен интеграциялау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші анықтамалығында 1,2 мыңнан астам елді мекен өзектендірілді, жануарды карантинге қою функционалы пысықталды, 28,5 мың жануар бойынша Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің деректер базасы өзектендірілді. Ветеринария жүйесін реформалау аясында бастапқы және нақты деректерді автоматты режимде тікелей ақпараттық жүйелерге жіберуге мүмкіндік беретін Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру, Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі, VETMOBILE, TortTulik және т.б. жаңа цифрлық өнімдер әзірленіп, пайдалануға берілді", - деді Амангалий Бердалин.
Уақытылы диагноз қою жануарлар мен адамдарға қауіпті аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. 2023 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспары аясында жануарлар мен құстардың 23 ауруына қарсы 175,7 млн екпе егу көзделген еді. Осы жылдың 10 айында 133,9 млн екпе егілді. Ауру жануарларды анықтау мақсатында 28 аса қауіпті ауруға қарсы диагностикалық іс-шаралар жүріп жатыр. 2023 жылға 72,7 млн диагностикалық зерттеу жоспарланған еді, 10 айда 56,5 млн зерттеу жүргізілді.
Соңғы 3 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қабылданып жатқан шаралардың арқасында ауру ошақтарының 44,7%-ға төмендеуі байқалады (2021 жылы - 331, 2022 жылы - 299, 2023 жылы - 205).
Өңірлерде іс-шаралар кешенін жеткілікті қаржыландыру және дұрыс ұйымдастыру ветеринария саласын тұрақты түрде қауіпсіз деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды, процестерді цифрландыруды, деректерді жинау мен беруді автоматтандыруды, кадрлар даярлау жүйесін жетілдіруді және ветеринария саласындағы мамандардың жалақысын арттыруды, оларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді көздейтін ветеринария мәселелері жөніндегі заң жобасы Парламент қарауында жатыр.
Сонымен қатар өзін-өзі басқаратын кәсіби ұйым ретінде арнайы ветеринарлық орган құру ұсынылады. Оның негізгі функциялары: ветеринария саласындағы кадрларды есепке алу және мониторинг жүргізу, мамандардың біліктілігін арттыру, ветеринариялық инциденттерді қарау.
Ветеринарияның негізгі міндеті - адамдардың денсаулығын ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларынан қорғау, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі. Өңірлердегі жағдайды тұрақтандыру оңай емес, алайда орындалатын міндет, жергілікті жерлерде іс-шаралар кешенін өткізу, жеткілікті қаржыландыру және тұрақты бақылау арқылы шешіледі. Мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту тек ет экспортын ашқан кезде ғана мүмкін болады және біз бұдан былай жекелеген өңірлерде мал ауруларының өршуіне тәуелді болмауымыз керек, соның салдарынан бүкіл ел үшін нарықтарды жабуға мәжбүр боламыз. Облыс әкімдіктері профилактикалық іс-шараларды жүргізуді жеке бақылауға алуы, ветеринариялық қызметтерді материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсартуы және ветеринариялық қызметкерлер үшін жағдай жасауы қажет", - деп түйіндеді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 13:17 23816
Елордада жаңа жылу қуаты іске қосылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Астананы жылумен қамтамасыз ету жұмысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-ті іске қосу үшін үлкен жұмыс атқарылды.
Аталмыш жылу электр орталығындағы төрт қазандықтың бәрі іске қосылды. Бұл қаланы 440 Гкал/сағатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы қазан айында аяқталды. Нысан осы кезден бастап қалаға жылу беруді бастады. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жаңа аудандарды жылумен қамтиды.
Сол сияқты тіршілікті қамтамасыз ететін жаңа нысандарда жаңа қуаттар іске қосылды. Мәселен, жаңа "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциясын алайық. Бұл газ жылу станциясы "Бағыстан", "Мыңжылдық аллеясы" тұрғын үй кешендері аудандарын, қаланың сол жағалауын жылумен сенімді қамтамасыз етеді. Осы жылдың соңына дейін станцияны 350 Гкал/сағ максималды қуаттылыққа дейін жеткізу бойынша іске қосу жұмысы жалғасады.
Сондай-ақ, желтоқсан айында қуаттылығы 350 Гкал/сағ болатын "Тұран" газ жылу станциясының 1-кезеңін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, үш нысанның күші 1140 Гкал/сағ құрайды", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 12:56 24116
Премьер-Министр Алматыдағы өртте қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты
Барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі
Достарға айту
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Алматыда адамдардың өліміне әкеп соққан қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан Республикасының Үкіметі орын алған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды, кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілеймін", деп айтылған хабарламада.
Үкімет басшысының хабарлауынша, барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 11:06 26021
Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.
Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 17:00 44646
Қазақстан мен Түркіменстан көлік саласындағы өзара байланыс туралы Меморандумға қол қойды
Достарға айту
26-27 қараша күндері Ашхабад қаласында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев және Түркіменстан Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникация агенттігі бас директорының орынбасары Батыр Аннаевтың тең төрағалығымен көлік, транзит және логистиканы дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан-Түркіменстан бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жұмыс тобының отырысы шеңберінде көлік, транзит және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Түрікменстан Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникациялар агенттігі арасында көлік саласындағы өзара байланыс туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум екі ел арасындағы теміржол және теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, қолайлы тарифтік жағдайлар жасау, инфрақұрылымды дамытуды үндестіру, өзара ақпаратпен алмасу үшін цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде бірлескен шаралар қабылдауды қоса алғанда, екі елдің аумақтары бойынша тасымалдау көлемін арттыру мәселелері қамтылатын болады.
Сонымен қатар жұмыс тобының отырысы барысында тараптар "Қытай - Қазақстан - Түрікменстан - Иран" дәлізін бірлесіп дамыту туралы уағдаласты. Екі тарап сонымен бірге "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі транзиттік және экспорттық жүктер ағымының маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Айта кетерлігі, жалпы осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аталған дәліз бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 15%-ға ұлғайып, 1,7 млн тоннаны құрады.
Күн тәртібіне сәйкес тараптармен теміржол қатынасы саласында икемді бәсекеге қабілетті тарифтік саясатты қалыптастыру мәселесі көтеріп, бұл бағытта атқарылған жұмыстың оң нәтижелері сөз болды. Кездесу соңында екі ел арасындағы көлік, транзит және логистика саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Ашхабад қаласына жұмыс сапары аясында көлік вице-министрі Т.Ластаев көлік саласына қатысты өзекті мәселелер қозғалған халықаралық конференция мен көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тиісті көрмеге қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
01.12.2023, 13:29Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады 01.12.2023, 13:37 1971Үкімет шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптарын бекітті01.12.2023, 11:50 1486Атырау облысында газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылады01.12.2023, 10:53 1306Түркістан облысының прокуратурасы жер учаскелерін заңсыз берумен айналысқан алаяқтықтарды анықтады01.12.2023, 11:55 1271Екінші деңгейдегі ірі банк аграрлық жобаларды төмен несиелік мөлшерлемемен қаржыландыруға дайын
24.11.2023, 18:37 87811Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтуда24.11.2023, 18:30 86196Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде24.11.2023, 18:25 75956Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады24.11.2023, 18:13 69586Тамара Дүйсенова республикалық "Worldskills Kazakhstan 2023" жарысына қатысушылармен кездесті24.11.2023, 18:06 69111Елімізде биыл 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды
02.11.2023, 18:58 204066Қазақстан Үкіметі "Газпроммен" стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасады02.11.2023, 16:46 189371Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады - Тоқаев01.11.2023, 10:58 186351Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті03.11.2023, 20:35 154596Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті03.11.2023, 16:25 145021Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті өтті