01.05.2023, 14:07 52141
Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Астана. 1 мамыр. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық таңдау еркінің қорытындысы Президент Шавкат Мирзиёевтің стратегиялық бағдарына өзбек халқының зор сенім білдіріп, қолдағанының дәлелі екенін атап өтті.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растады. Мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесін талқылады.
Сондай-ақ президенттер алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.10.2024, 17:27 14906
Ашхабадта Абай ескерткіші ашылды
Достарға айту
Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Ашхабад төрінде ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ең алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедов пен түрікмен халқына Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына орай арнайы шығарылған медальмен марапаттағаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар мұны екі ел арасындағы өзара сый-құрмет пен достықтың белгісі ретінде қабылдайтынын жеткізді.
Мемлекет басшысы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде бұл ескерткіштің ашылуын түрікмен бауырлардың қазақ халқына айрықша құрметінің көрінісі деп санайтынын атап өтті.
Абай - әлемдік ауқымдағы алып тұлға. Оның шығармалары бүкіл адамзаттың асыл мұрасына айналды. Жер жүзіндегі көптеген қалада хакім Абайдың ескерткіші бар. Ұлы ақын саналы ғұмырын ағарту ісіне арнады. Абай "Талап қыл артық білуге" деп, өнер-білім философиясын кеңінен насихаттады. Ол теңдессіз туындылары арқылы мызғымас құндылықтарды дәріптеді. Жұртты отаншылдыққа, білімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулыды. Жақсылық пен парасаттылыққа үндеді. Ашхабадта Абай ескерткішінің ашылуы - бауырластығымызды нығайта түсетін бірегей бастама", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент биыл Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылғанын еске салып, қазақ елі түркі жұртына ортақ тұлғаның шығармашылығына зор құрметпен қарайтынын жеткізді.
Шын мәнінде, Абай мен Мақтымқұлы еңбектері - түркі дүниесінің құнды қазынасы. Оны сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдыру - баршамызға ортақ міндет. Ұлы ақындарымыздың поэзиясында өзара сабақтастық мысалдары көп. Біз - түбі бір, тарихы ортақ, тілі мен мәдениеті ұқсас халықтармыз. Осы бауырластық елдеріміздің қарым-қатынасына арқау болып отыр. Қазір бұл байланыс стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр. Түрікменстанға бүгінгі ресми сапарым - соның айқын дәлелі. Абайдың ескерткіші қазақ-түрікмен достығының символына айналады деп сенемін", - деді Президент.
Өз кезегінде Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы бауырлас халықтардың тарихи және мәдени өмірінде жарқын із қалдырған белгілі тұлғалар, ойшылдар мен ақындар мұрасын сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің мәні зор екеніне тоқталды.
Бүгін біз астанамыз Ашхабадтың тамаша мүйісінде орналасқан ғажап саябақта бауырлас қазақ халқының ұлы ақыны, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашу рәсімінде бас қосып отырмыз. Баршаңызды осы салтанатты сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Түрікмен және қазақ халықтары әлемнің мәдени-рухани қазынасына үлкен үлес қосты. Соған сәйкес, бұл мәдени мұраны тыңғылықты зерттеу, оны кеңінен насихаттау және осы саладағы халықаралық әріптестікті дамыту аса маңызды міндет болып саналады", - деді Гурбангулы Бердімұхамедов.
Іс-шараға Түрікменстанның зиялы қауым өкілдері және Қазақстанның ресми делегация мүшелері қатысты.
Салтанатты жиында "Калкыныш" би тобы қос халықтың арасындағы мәдени байланыстардың терең тамырын танытатын "Түрікмен-қазақ достығы" атты композициясын ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.10.2024, 16:34 15906
Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді
30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылда
Достарға айту
Кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың 1 қазанына ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4%-ы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді.
30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданды. Қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жалғасуда, олар аяқталғаннан кейін өтінімдер Өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады.
Өтінімдердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан келіп түсті. Батыс Қазақстан облысынан 87 өтінім, Қостанай облысынан 68 өтінім, Ақтөбе облысынан 51 өтінім, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтінім келіп түскен.
Еске сала кетейік, Қағидаларға сәйкес жоғалған мүліктің (ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың) құны, тауарлық-материалдық құндылықтардың құны, зақымдалған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарының құны өтелуге жатады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.10.2024, 11:21 16096
Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушар" филиалында заң бұзушылықтарды анықтады
Достарға айту
Су ресурстары және ирригация министрлігі Алматы облысындағы "Қазсушар" филиалында заң бұзушылықтарды анықтады. Материалдар уәкілетті органдарға жіберілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша ведомство су ресурстарын басқарудағы заң бұзушылықтармен, судың "көлеңкелі" нарығымен және су саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы күресті жалғастырып жатыр.
Нәтижесінде, су ресурстарын заңсыз және тиімсіз пайдалану, мемлекеттік сатып алуға байланысты заң бұзушылықтар анықталды.
1. Алматы облысының Күрті ауданында шаруа қожалықтарының суармалы суды жергілікті "Қазсушар" филиалымен келісімшартқа отырмай пайдаланғандары анықталды. Атап айтқанда, 100 га егіс алқабын суару үшін суды заңсыз алған.
2. Сондай-ақ, кейбір гидротехникалық құрылыстардың тозуына байланысты каналда қосымша су шығыны анықталды. Яғни, филиал басшылығының нысандардың техникалық жай-күйіне жеткіліксіз бақылау жүргізуіне байланысты су ресурстарын тиімсіз пайдалану және есебін жүргізу оқиғалары тіркелді.
3. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алуда заң бұзу фактілері анықталды. Филиал заңды және ішкі нормативтік құжаттарды бұза отырып, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 7 келісімшарт жасасқан. Осыған дейін, 2023 жылғы шілдеде жалпы сомасы 17,5 млн теңгеге Сол жағалау магистральды каналының жер бөлігін механикалық тазалау қызметін көрсетуге осындай тәсілмен шарт жасалған. Яғни, заң бұзушылық жүйелі түрде қайталанған.
4. Филиал директорының міндетін атқарушы жақын туыстарымен бірге жұмыс істеуге жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген талапты сақтамаған.
Тексеріс қорытындысы бойынша барлық анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы сомасы шамамен 20 млн теңгені құрады.
Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті уәкілетті органдарға жіберілді. 3 құқық бұзушылық фактісі бойынша филиал директорының міндетін атқарушы тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Айта кету керек, директордың м.а. осыған дейін де бірнеше мәрте ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Облыстық филиалға кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
Қазсушардың" басқа да облыстардағы филиалдары тексерістен өтеді. Айта кету керек, судың "көлеңкелі" нарығымен тиімді күресу үшін министрлік жанынан су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде жаңа Комитет құрылды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жоғары аудиторлық палата мен Су ресурстары және ирригация министрлігі бірлесіп жүргізген тексерістердің қорытындысы бойынша "Қазсушар" кәсіпорынының басшы лауазымындағы 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Ал, Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті Жамбыл облысында суды заңсыз пайдаланудың 10 фактісін анықтады. Бүгінгі таңда филиал басшысы қызметінен босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.10.2024, 11:16 16456
Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлінді
Достарға айту
Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжат Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін 5 млрд теңгені Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады.
Атап айтқанда, бұл қаражат жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жұмыстың жалпы құнының 10% мөлшерінде ұзындығы 11,5 шақырым ең тозығы жеткен автожол учаскесін реконструкциялауға бағытталады.
Бұған дейін мердігер ұйым қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған болатын. Жалпы, 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75%-дан асатын 44 шақырым магистралды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Айта кету керек, Ақтау қаласы жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері қолданыста.
Қабылданған шаралар нәтижесінде желілердің тозу деңгейі төмендетіліп, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсетуге және жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 17:27 42796
Қазақстан Президенті мен Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының басшысы бірлескен көпжақты жобаларды іске асыруды талқылады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев У Вон Шиктің Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапары елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынастардың дәлелі екенін айтты.
Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы санқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті.
Мемлекет басшысы тараптардың парламентаралық ықпалдастықты жандандыру жолындағы күш-жігеріне қолдау білдірді. Бұл - саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту ісінің маңызды тетігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 17:02 43046
Алматы музейлері Еуропа елдерін бағындыруда
Достарға айту
Мажарстан тұрғындары мен туристері "Қазақстан көшпенділері: өткені мен бүгіні" атты көрмеге ерекше ықыласпен баруда. Көрмені Алматы қаласы музейлер бірлестігі мажар қыпшақтарының астанасы - Карцаг қаласында ұйымдастырды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Еуропалықтар назарына 200-ден астам экспонат ұсынылды, олардың арасында ұлы Абай Құнанбайұлына тиесілі домбыра, XIII ғасырда Алматы аумағында соғылған күміс тиындар (дирхемдер), XIII-XX ғасырлардағы шекелік, алқа, білезік, сырға және жүзіктер сынды дизайны оюлармен әсемделген әрі күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, жүннен тоқылған кілемдер, ат әбзелдері, музыкалық аспаптар және қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері жайында сыр шертетін тұрмыстық заттар бар.
Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Мажарстан аумағында Торғай даласынан Еуропаға қоныс аударған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары тұрады, сондықтан бұл мәдени іс-шара жергілікті халық арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көрмеге келген Карцаг қаласының тұрғындарының бірі - Шандор Бене өз әсерімен бөлісті.
Бүгін біз көптеген экспонатты көрдік, олар екі ел арасындағы терең байланысты айқындайды. Бұл көрмені әкелгендеріңізге өте қуаныштымын, өйткені ол ортақ дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды және мәдениетімізді көрсетеді. Әсіресе жастар қазақтар мен мажарлардың бауырлас халықтар екенін білетін болады. Бізде Карцаг қаласында ат спорты үйірмелері бар. Балаларды арнайы сол дәстүрлерді қайта жаңғырту үшін береміз. Енді осы көрменің арқасында біз жастарға тарихымызды айтып қана қоймай, ата-бабаларымызды байланыстырған өмір салтын көрсете аламыз", - деді Карцаг қаласының тұрғыны Шандор Бене.
Көрме 20 қарашаға дейін жалғасады. Ол екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлігінде қазақ халқының дәстүрі, салты, әдет-ғұрыптары, сәндік-қолданбалы өнері мен ұлттық музыкалық аспаптары көрсетілген экспонаттар ұсынылса, екінші бөлімде Алматы қаласының сұлу табиғаты мен заманауи келбетін бейнелейтін фотосуреттер қойылған. Көрмені жергілікті халықпен қоса Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Карцаг қаласының мэрі Тибор Сепеши және елге ресми сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов тамашалады.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласы музейлер бірлестігі халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту аясында Алматы әкімдігінің қолдауымен Аустрияда, Италияда, Түркияда, Оңтүстік Кореяда көрме өткізіп, Франциядағы Луврда кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында оқу оқыған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 12:42 48056
Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкімін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", деп көрсетілген президент жарлығында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 11:09 48411
Соңғы 5 жылда алғаш рет Аралға су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды
Достарға айту
Биыл соңғы 5 жылда алғаш рет вегетация кезінде Арал теңізіне су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды. Жалпы 977 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Соңғы жылдары теңізге 350-400 млн текше метр су келіп отырса, биылғы жылдың басынан бері бұл көлем 2 млрд текше метрден асты, ал жыл соңына дейін тағы шамамен 500 млн жіберу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізінің су көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Теңізге осыған дейін вегетация кезінде секундына 7-10 текше метр су жіберілген болса, биыл секундына 60-70 текше метр су жіберілді", - деп мәлімдеді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Зейнулла Қазтоғанов.
Бұдан бөлек, Ақшатау-Сорғақ және Қамыстыбас көлдер жүйесіне 45 млн текше метрден астам су жіберілді. Бұл балық шаруашылығы мен туризімді дамытуға тиімді әсер етіп отыр. Мәселен, соңғы жылдары Арал теңізінің минерализациясы азайып, балықтың көбейуіне жағымды әсер етуде. Теңіз тартылғаннан бері жергілікті балықшылар жылына 400 тонна ғана балық ауласа, қазір 7,5-8 мың тоннаға дейін балық аулайды.
Қаратерең ауылының 76 жастағы тұрғыны, балықшы Күнтуған Тұрғанбаев өмір бойы осы кәсіппен айналысып келеді. Оның айтуынша, туған өлкеге су келгелі жаңа мүмкіндіктер пайда болған.
Көзімізді ашқаннан теңізден балық аулаумен айналысып келеміз. Су келгелі балық та жанданып, дарияға кіріп жатыр. Биыл былтырғыға қарағанда балық көбірек. Аралды осы деңгейде ұстап тұрса, балық шаруашылығы дамиды", - дейді ол.
Осы ретте Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленуде. Екінші кезең Солтүстік Аралды тұрақты сумен қамтамасыз етуден бастап экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.10.2024, 11:16Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлінді 10.10.2024, 11:21 14456Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушар" филиалында заң бұзушылықтарды анықтады10.10.2024, 16:34 14266Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді10.10.2024, 17:27 13266Ашхабадта Абай ескерткіші ашылды10.10.2024, 12:56 3221Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
04.10.2024, 16:46 88011Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады04.10.2024, 18:09 87776Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысты04.10.2024, 13:26 87681Астана қаласында волонтерлік қозғалыстардың көшбасшыларының слеті өтті04.10.2024, 11:17 70596Құмар ойындарға қатысуға тыйым салудың алғашқы шаралары қолданылды08.10.2024, 17:29 62981Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қойылатын талаптар күшейтіледі
26.09.2024, 18:14 100431Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 95916«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 94641Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 17:57 90216Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді04.10.2024, 16:46 88011Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады