05.06.2023, 16:41 10126

АҚШ азаматының мүлкі Қазақстанның пайдасына тәркіленді - прокуратура

Күдікті 2021 жылғы сәуірде қылмыстық іс тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткен
Қылмыстық істі тергеу аясында облыстың арнайы прокурорларының өтініші бойынша Ақмола облыстық сотының қаулысымен мемлекет пайдасына АҚШ азаматшасы "Г.Ю.А." мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды өңірлік прокуратураның баспасөз қызметінен.

Тергеу барысында Бурабай жағалауында орналасқан жер учаскесі бар жеке клиниканың жаңа ғимараты мен "Лексус" маркалы автокөліктің заңсыз сатып алынғаны анықталды.

Айта кету керек, "Г.Ю.А." клиникалар желісінің иесі бола тұра, Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларымен бір топта Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ескі медициналық жабдықты жаңа ретінде жеткізіп 1 167 513 600 теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырғаны бойынша күдіктенеді, сонымен қатар медициналық жабдықтардың бір бөлігі жұмыс істемейтіндігі анықталды.

Кейіннен ол осы ақшаға жаңа емхана ғимаратын 890 млн теңгеге салып, оны мемлекетке 4,5 млрд теңгеге сатуға тырысқан.

Г.Ю.А." 2021 жылғы сәуірде қылмыстық іс тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткен.


Осыған байланысты, оған сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол халықаралық іздеуге жарияланды.

Ақмола облыстық сотының 02.06.2023 жылғы қаулысымен (заңды күшіне енді) мемлекет пайдасына жоғарыда аталған мүлік тәркіленді.

Өз кезегінде, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларын айыптау бойынша негізгі қылмыстық іс сотта. Олар күзетпен ұсталуда.

Ақмола облысының арнайы прокурорлары республика бойынша алғаш рет халықаралық іздеуде жүрген адамның мүлкін үкім шығарғанға дейін сотқа дейінгі тәркілеу тетігін қолданғандығын атап өткен жөн.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны