05.06.2023, 17:51 9511

Абай облысында 11 "жайлы мектеп" салынады

Биыл 5 мектептің құрылысы басталады
Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мектеп тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Inform.kz.

Мектептегі орын тапшылығын азайту үшін облыс бойынша 2022 жылы 1 700 орындық 4 мектеп салынды. Жеке инвестициялар есебінен Семей қаласында 650 оқушыға арналған 1 мектеп ашылды.


Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 5 700 орындық 11 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 5 мектептің құрылысы басталады.


Осы жылы облыс орталығында "KAZ Minerals Management" ЖШС қаражаты есебінен 1 200 орындық мектептің құрылысы басталды.

2025 жылға дейін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 6 шағын жинақталған мектеп, жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша құрылыс салынады. Балаларды қосымша біліммен қамтуды одан әрі арттыру мақсатында көпфункционалды Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр", - деді әкім.

Сондай-ақ ол жаңа оқу жылында Шәкәрім университетінде тілдерді тереңдетіп оқытуға бағытталған "Shakarim High School" және Ә.Бөкейхан университетінде "Abay IT-School" мектептері ашылатынын айтты.

Облыстың жоғары оқу орындарына қосымша 500 білім гранты бөлінді", - деді Нұрлан Ұранхаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны