20.09.2023, 11:29 25096

Абай облысының Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

Бүгінде Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылды
Абай облысының Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады.Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.


Бүгінде Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды.

Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны