15.05.2014, 23:05 3212

АЭФ аясында "ТрансЕуразия-2014" конференциясы өтеді

Астанада 22 мамырда VII Астаналық экономикалық форумның шеңберінде Көлік және коммуникация министрлігімен "ТрансЕуразия-2014" транзиттік-көлік потенциалы жөніндегі 9-шы Халықаралық конференциясы өткізіледі.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. Астанада 22 мамырда VII Астаналық экономикалық форумның шеңберінде Көлік және коммуникация министрлігімен "ТрансЕуразия-2014" транзиттік-көлік потенциалы жөніндегі 9-шы Халықаралық конференциясы өткізіледі.

Конференцияға 20-дан астам елдің 300 өкілдері қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде Еуропа, Азия, ТМД, Балтық елдері көлік ведомстволарының өкілдері, дипломаттық корпустардың басшылары, 15-ке жуық халықаралық және қаржы ұйымдарының өкілдері, 100 шетел көлік компаниялары және Қазақстанның 60-тан астам ірі компаниялары бар, деп ұйымдастырушылар хабарлады.

Конференция алаңында "Кытай-Қазақстан-Каспий-Кавказ-Түркия-Еуропа" контейнерлік пойызын іске қосылуын реттейтін Silk Wind жобасы бойынша Қазақстан, Турция, Изірбайжан және Грузия үкіметтері арасындағы Келісімге қол қойылады.

Одан тыс, Конференция шеңберінде ағымдағы жылдағы мамырдың 20-22 аралығында "Көрме" орталығында "Транзит Қазақстан-2014" Халықаралық көрмесі өтеді. Көрмеде Еуроазияттық аймақ көлік индустриясының соңғы жетістіктерінің таныстырылымы өтеді.

Сонымен бірге конференция шеңберінде ТРАСЕКА Үкіметаралық Комиссиясымен "Қара теңіз-Каспий транзиті" сессиясының өткізілуі және Түрік Одағы елдерінің көлік министрлерінің 2-ші кездесуі жоспарланған.

"ТрансЕуразия-2014" Халықаралық конференциясы 1997 жылдан бастап көлік инфрақұрылымы дамуының, еуразиялық бағыттағы транзиттік тасымал көлемінің өзгерістерін талқылаудың және транзитке арналған көлік және логистика жүйелерін көрсетудің алаңы екенін еске саламыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны