29.02.2008, 16:32 3482

Алматы полицейлері жыл басынан бері оныншы жасырын ойынхананы анықтады

Алматы полицейлері жыл басынан бері оныншы жасырын ойынхананы анықтады

Алматы. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы полицейлері жыл басынан бері оныншы жасырын ойынхананы анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

""Ойын бизнесі туралы" заң күшіне енгенге дейін тіркелген 52 ойынхананың 40 Алматыда жұмыс істеп тұрған. Жаңа ережеге сәйкес, олар Қапшағай және Щучинск қалаларына көшулері тиіс болатын. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, барлығы бірдей заңға бағынбаған", - деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері түн қараңғысында астыртын ойынхананы анықтады. Заңсыз ойын залы Абай даңғылының бойында орналасқан ойын-сауық орталықтарының бірінде болған.

"Тексеру кезінде ойын залында 10 қонақ болған. Ойын залында 11 ойын автоматы мен бір америкалық рулетка орналасқан екен. Ойынханаға тек тұрақты және бұрыннан тексерілген клиенттер ғана кіре алған", - деді сыбайлас қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бақыт Балғынбаев.

Оның айтуынша, астыртын залда табылған ойын автоматтары, электронды рулетка мен тапқан ақшалары әкімшілік істің материалдарына тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны