03.06.2014, 20:25 2967

Алматыда спорт индустриясының жетістіктері таныстырылады

Алматыда маусымның 5 - 7 аралығында "ИнтерСпорт-2014" халықаралық көрмесі өтеді. Көрмеге 40 компания өкілдері қатысады деп күтілуде.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. Алматыда маусымның 5 - 7 аралығында "ИнтерСпорт-2014" халықаралық көрмесі өтеді. Шараны "ҚазЭкспоСервис" компаниясы Спорт және дене шынықтыру агенттігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастыруда.

Көрмеге 40 компания өкілдері қатысады деп күтілуде. Олар Алматыға атақты спорттық бұйым, киім-кешекпен аяқ киім өндірушілердің ең соңғы өнімдерін әкеліп қана қоймай, сонымен қатар шара аясында тәжірибелерімен алмасады, деп хабарлайды ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі.

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан нарығына отандық және шет елдік спорт тауарларын өндірушілердің қызығушылықтары артып келе жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны