04.04.2023, 08:26 8876

Алматы 2023-2024 жылдарға ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы болады

Қазақстан 2023 жылдың шілдесінен бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді
Алматы 2023-2024 жылдарға ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы болады
Сурет: Depositphotos
Алматы. 4 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР мәдениет және спорт министрінің м.а. Асхат Оралов Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кеңесіне қатысты. ШЫҰ қатысушы елдердің министрлері 2023-2024 жылдарға ұйымның мәдени және туристік астанасы ретінде Алматы қаласын бекіту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Оралов Алматы қаласына ШЫҰ-ның 2023-2024 жылдарға мәдени және туристік астанасы мәртебесін беру туралы мәселені көтерді. ШЫҰ делегаттары мен бас хатшысының орынбасары Джанеш Кейн оның ұсынысын қолдады.
 

Мен Кейн мырзаға және барлық қатысушыларға біздің бастамамызды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бүгінгі таңда біз Алматы қаласында 14 іс-шараны көздейтін жоспар әзірледік. Бұл халықаралық туристік және мәдени фестивальдар, сондай-ақ марафондар. Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы да ауқымды мәдени бағдарламамен сүйемелденетін болады. ШЫҰ елдерімен барлық салада, оның ішінде туризм бағыты бойынша да ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың оң серпіні байқалады. Алматының мәдени және туристік астана ретінде бекітілуі туризм саласындағы көрсеткіштерді жақсартады. Баршаңызды Қазақстанға келіп, еліміздің көрікті жерлерімен және мәдениет саласындағы жұмысымыздың нәтижелерімен танысуға шақырамын", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. Асхат Оралов.

 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны