12.09.2025, 10:25 4941

Алматыға жарты жылда 1,1 миллионнан астам турист келді

Алматыға жарты жылда 1,1 миллионнан астам турист келді
Сурет: gov.kz
2025 жылдың алғашқы жартысында Алматыға 1,14 миллионнан астам турист келді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% көп, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Туристердің 323,5 мыңы шетелдік, ал 816,5 мыңы ішкі турист.

Әсіресе, Қытайдан келген мейман көп. Алты айда Алматыға 54,1 мың қытайлық азамат аялдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,4% артық. Қытайдан соң Үндістаннан кейінгі екінші орынды иеленді (56,2 мың адам). Үздік бестікте Түркия (17,9 мың), Корея Республикасы (9,7 мың), АҚШ (9,6 мың), БАӘ (6,7 мың) және Германия (6,5 мың) бар.

Халықаралық туристер санының артуына туристік инфрақұрылымды дамыту мен қала қонақтарына арналған заманауи сервистерді енгізу ықпал етті. Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, Алматы демалыс пен іскерлік туризм үшін тартымды бағыт ретінде позициясын нығайтып, туристік лектің ауқымын кеңейтіп, келушілерге жайлы жағдай жасап отыр.

Айта кетейік, 2025 жылы Алматы CNN нұсқасы бойынша үздік туристік бағыттардың қатарына кіріп, Booking.com тізімінде де жылдың трендтік бағыттарының бірі ретінде танылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны