07.02.2022, 16:21 18041

Алматы қ., Алматы және Жамбыл облыстарында террористік қауіптіліктің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылды

Бұл туралы ҚР Терроризмге қарсы орталығының сайты жазды.
Алматы қ., Алматы және Жамбыл облыстарында террористік қауіптіліктің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылды
АЛМАТЫ. 7 АҚПАН - Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарында террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі күшін жояды. Бұл туралы ҚР Терроризмге қарсы орталығының сайты жазды. 
 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Алматы қаласындағы, Жамбыл және Алматы облыстарындағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлайды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штаб басшыларының қабылдаған шешімдері бойынша, 7 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарының аумағында террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі күшін жояды. Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне өтеді. Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының барлық тұрғындарына түсіністік пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтамыз", - делінген орталықтың хабарламасында. 


 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны