Система Orphus

Алматы әкімі селден қорғайтын бөгеттер құрылысының барысын тексерді

12.05.2021 15121
Алматы әкімі селден қорғайтын бөгеттер құрылысының барысын тексерді
Фото: Алматы әкімдігі
АЛМАТЫ. 12 МАМЫР - Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Аюсай өзенінің сағасынан төмен, Ақсай және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде селден қорғайтын бөгеттердің салыну барысымен танысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қала маңында 45 моренді көл бар, оның 15-і тұрақсыз деп саналады, ал 8-і өте қауіпті, мұнда жыл сайын оларды босату үшін превентивті жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, Аюсай және Ақсай шатқалдарында 2023 жылға дейін аяқтаулы тиіс екі сел бөгетінің құрылысы басталды. Бөгеттердің құрылысы 40 мыңнан астам халықтың және инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бөгеттер құрылысы Алматының сел қаупі бар аймақта орналасқан Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарының тұрғындары мен объектілерін қорғауды қамтамасыз етеді", - деп хабарлайды әкімдікте.

 
Сағынтаев сумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілерінің құрылысы, сондай-ақ Таужолы шағын ауданындағы жолдардың қалпына келтірілуі қалай жүріп жатқанын тексерді.
 

Тұрғындарды желілер тартылған Досмұхамедов магистралды көшесінің жағдайы алаңдатып отыр. Мұнда 40 үй қалды, олардың иелері жолды қалпына келтіруді бастау үшін желілерге қосылуға асығуы керек. Мердігер қазірдің өзінде дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны