30.11.2023, 11:06 32466

Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды
Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.

Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны