10.02.2023, 14:33 36381

Алматыда заңсыз салынған сауда нысандарын демонтаждау басталады

Алматыда заңсыз салынған сауда нысандарын демонтаждау басталады
Сурет: old.vecher.kz
2022 жылы жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша мегаполисте 500-ден астам заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандары анықталған

Алматы. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Биылғы жылдың екінші тоқсанында Алматыда заңсыз салынған сауда нысандарын демонтаждау басталады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты.
 
Спикердің айтуынша, 2022 жылы жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша мегаполисте 500-ден астам заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандары анықталған. Бұл ретте заңсыз орнатылған павильондар, дүңгіршектер мен киоскілер электр желісіне қосылған, кейбірінде жылу бар.
 

Біз қазірдің өзінде заңсыз стационарлық емес сауда нысандарының меншік иелерімен өз еркімен демонтаждау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондықтан, алдағы уақытта стационарлық емес сауда нысандарын өздігінен салуды болдырмау үшін Алматының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру схемаларын әзірлеуде. Осылайша, енді стационарлық емес сауда нысандарын қатаң түрде осы схемаға сәйкес орнатуға рұқсат етіледі", - деді Б.Солтанбаев.

 
Орналастыру схемалары бекітілгеннен кейін 2023 жылдың екінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдар заңсыз стационарлы емес сауда нысандарын демонтаждау жұмыстарын бастайды. Мұндай "нүктелер" инженерлік желілерден ажыратылады.
 
Сонымен қатар, ережеге бағынбайтын саудагерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204 және 505-баптары бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылатын болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, жақында бастамашыл алматылықтар Алматыда экологиялық апатты мойындау туралы петиция құрды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны