03.09.2025, 19:58 10626

Алматыда жыл басынан бері 33 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Алматыда жыл басынан бері 33 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді
Сурет: gov.kz
Сот шешімімен қала аумағындағы 33 заңсыз салынған нысан толық немесе жартылай бұзылды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар басқарманың талап-арызы бойынша тағы 64 нысанды бұзу қажет. Оларға қатысты сот шешімдері қазір қалалық Әділет департаментінде орындалу сатысында тұр.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін сотқа 68 талап-арыз жолданды. Оның 35-інде нысандарды толық немесе жартылай бұзу көзделген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны