03.08.2021, 19:26 9389

Алматының мемлекеттік кірістер органдары карантин шараларының күшеюіне байланысты қалай жұмыс істейді

Салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларына қызмет көрсетудің ерекше тәртібі белгіленеді.
АЛМАТЫ. 3 ТАМЫЗ - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастап аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары мен кеден бекеттерінде салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларына қызмет көрсетудің ерекше тәртібі белгіленетінін хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Электрондық үкімет" порталы, Салық төлеушінің кабинеті, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде іске асырылған мемлекеттік қызметтерді көрсету тек электрондық түрде жүзеге асырылатын болады", - деп хабарлады ведомствода.

 
Электрондық түрде іске асырылмаған мемлекеттік қызметтерді көрсету екі тәсілмен алдын ала электрондық брондау жолымен кезек бойынша келу тәртібімен жүзеге асырылатын болады:
 
  • "электрондық үкімет" порталы арқылы өтініштерді беру сервисі арқылы;
  • келу тәртібімен қағаз жеткізгіштерде "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы немесе "kgd.gov.kz" сайты арқылы келу уақытын алдын ала электрондық брондау арқылы.
 
 "е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында немесе "kgd.gov.kz" Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында, "Электрондық қызметтер" - "Онлайн брондау" бөлімінде, ЖСН енгізіп, алдын ала электронды брондау арқылы қызмет көрсету талонын алуға болады.
 
Мемлекеттік кірістер басқармасына және Мемлекеттік кірістер департаментіне бару уақыты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
 
Аудандық басқармалар мен кеден бекеттерінде кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласу қажет:
 
Байланыс орталығы 1414-3
 
Әуезов ауданы бойынша МКБ - 3032569, 87071804133, 87776147667
 
Бостандық ауданы бойынша МКБ - 2754824, 87471676449, 87751675994
 
Жетісу ауданы бойынша МКБ - 2794265, 87474381783, 87773496856
 
Ақпараттық технологиялар паркі (АТП) МКБ - 2798957, 87776926666, 87472676950
 
Алмалы ауданы бойынша МКБ - 2676980, 87004111430, 87086096981
 
Түрксіб ауданы бойынша МКБ - 2215849, 87019600041, 87759931570
 
Медеу ауданы бойынша МКБ - 2671565, 87010936009, 87479936009
 
Алатау ауданы бойынша МКБ - 2998461, 87784178282, 87781289656
 
Наурызбай ауданы бойынша МКБ - 2217253, 87071629670, 87082878176
 
 "Алматы - Кедендік ресімдеу орталығы" Кеден бекеті - 2598168, 87772585822, 87018053355
 
 "Жетісу" Кеден бекеті - 3888975, 87788280133, 87017881388
 
Instagram, Facebook әлеуметтік желілері (@dgdalmaty).
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны