15.09.2025, 09:28 81096

Алматының Әуезов ауданында жаңа сквер пайда болды

Алматының Әуезов ауданында жаңа сквер пайда болды
Сурет: gov.kz
Алматының Әуезов ауданының 8-шағынауданында, Алтынсарин көшесінің бойындағы №37 үйдің жанында бұрын бос тұрған жер абаттандырылды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жоба "Сұлтан құрылыс" ЖШС мердігер ұйымы арқылы 2025 жылғы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бос жатқан аумақта тұрғындардың серуендеуіне және демалуына арналған жаңа сквер салынды.

Абаттандыру барысында жаңа асфальт және жаяу жүргінші жолы төселіп, 27 заманауи шам, шағын сәулеттік нысандар орнатылды. Оның қатарында орындықтар, 16 метрлік орындық және әткеншекті пергола бар. Жасыл желек үшін 180-нен астам ағаш пен бұта отырғызылды, 110 шаршы метрлік альпілік төбе, көгал мен жасыл шарбақ жасалды. Өсімдіктерге күтім жасау үшін автоматты суару жүйесі орнатылды.

Бұл сквер - тұрғындар бастамасы мен мемлекеттің қолдауының арқасында бос аумақтардың жайлы қоғамдық кеңістікке айналып жатқанын көрсететін жарқын мысал", - деді аудан әкімдігінде.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны